https://sputnik.kz/20220304/ukraina-aes-ort-23287757.html
Украинада АЭС маңындағы өрт сөндірілді – станцияға зақым келген жоқ
Украинада АЭС маңындағы өрт сөндірілді – станцияға зақым келген жоқ
Sputnik Қазақстан
Украинаның төтенше жағдайлар қызметі Запорожьдегі АЭС маңында бес қабатты ғимарат өртеніп жатқанын хабарлады 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T10:14+0500
2022-03-04T10:14+0500
2022-03-04T15:44+0500
украина
өрт
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/19/16881324_0:312:3000:2000_1920x0_80_0_0_95c7a91a92ee4d5cedcbc90e8d5b0b5c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Запорожье атом электр станциясының жанында оқу-жаттығу корпусының бесқабатты ғимараты өртке оранды. Тілсіз жау үш қабатты шарпыды, деп хабарлады Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі. Атом электр станциясының негізгі тораптарына зақым келген жоқ. Запорожье атом электр станциясының жанындағы өрт туралы ақпарат 4 наурызға қараған түні тарады. "Оқу-жаттығу кешеніне қарасты құрылыс нысандарының бірі әлі де өртеніп жатыр. Өрт 3-ші, 4-ші және 5-ші қабатқа тарады", - делінген ТЖМК-ның сағат 4:00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытғы бойынша 8:00-дегі) ресми хабарламасында. Ресми мәліметке сәйкес, Запорожье атом электр станциясында алты энергетикалық блоктың біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Өрт сөндірушілер өз жұмысына кірісті. Украинаның ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы Олек Кориковтың айтуынша, Запорожье атом электр станциясында жеті ядролық қондырғы, алты энергетикалық блок пен ядролық қойма бар. "Бұған дейін бірінші энергетикалық блок жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатылған болатын. Екінші және үшінші блоктар да тоқтатылды. 4-інші блок істеп тұр. Ал бесінші, алтыншы блоктар резевте, екеуіне де қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Кориков "Рада" арнасына берген сұхбатында. Ал АЭС-тың баспасөз қызметі радиациялық фонның бұзылмағанын хабарлады. Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікке тиісті ақпарат берілді. "Украина МАГАТЭ-ға өрттің Запорожье атом электр станциясының негізгі қондырғыларына зақым тигізбегенін хабарлады. Станция ұжымы өрт салдарын барынша азайтуға күш салып жатыр", - делінген халықаралық агенттіктің мәлімдемесінде. Бүгін сағат 5.55 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:55-те) Запорожье атом электр станциясының оқу-жаттығу корпусындағы өрт сөндірілді. Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/19/16881324_333:0:3000:2000_1920x0_80_0_0_18375fe4ad122b66b9aab6f7be9a33e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, өрт
Украинада АЭС маңындағы өрт сөндірілді – станцияға зақым келген жоқ
10:14 04.03.2022 (жаңартылды: 15:44 04.03.2022) Украинаның төтенше жағдайлар қызметі Запорожьдегі АЭС маңында бес қабатты ғимарат өртеніп жатқанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Запорожье атом электр станциясының жанында оқу-жаттығу корпусының бесқабатты ғимараты өртке оранды.
Тілсіз жау үш қабатты шарпыды, деп хабарлады Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі.
Атом электр станциясының негізгі тораптарына зақым келген жоқ.
Запорожье атом электр станциясының жанындағы өрт туралы ақпарат 4 наурызға қараған түні тарады.
"Оқу-жаттығу кешеніне қарасты құрылыс нысандарының бірі әлі де өртеніп жатыр. Өрт 3-ші, 4-ші және 5-ші қабатқа тарады", - делінген ТЖМК-ның сағат 4:00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытғы бойынша 8:00-дегі) ресми хабарламасында.
Ресми мәліметке сәйкес, Запорожье атом электр станциясында алты энергетикалық блоктың біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Өрт сөндірушілер өз жұмысына кірісті.
Украинаның ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы Олек Кориковтың айтуынша, Запорожье атом электр станциясында жеті ядролық қондырғы, алты энергетикалық блок пен ядролық қойма бар.
"Бұған дейін бірінші энергетикалық блок жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатылған болатын. Екінші және үшінші блоктар да тоқтатылды. 4-інші блок істеп тұр. Ал бесінші, алтыншы блоктар резевте, екеуіне де қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Кориков "Рада" арнасына берген сұхбатында.
Ал АЭС-тың баспасөз қызметі радиациялық фонның бұзылмағанын хабарлады. Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікке тиісті ақпарат берілді.
"Украина МАГАТЭ-ға өрттің Запорожье атом электр станциясының негізгі қондырғыларына зақым тигізбегенін хабарлады. Станция ұжымы өрт салдарын барынша азайтуға күш салып жатыр", - делінген халықаралық агенттіктің мәлімдемесінде.
Бүгін сағат 5.55 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:55-те) Запорожье атом электр станциясының оқу-жаттығу корпусындағы өрт сөндірілді.
Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ.