https://sputnik.kz/20220304/nur-sultan-mayning-fermasy-23303681.html
Нұр-Сұлтанда тағы бір майнинг фермасы анықталды
Нұр-Сұлтанда тағы бір майнинг фермасы анықталды
Sputnik Қазақстан
Криптовалютаның алдын ала құны шамамен 1,2 миллиард теңге 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T16:55+0500
2022-03-04T16:55+0500
2023-08-09T12:22+0500
экономика
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/09/18616443_0:1:1280:721_1920x0_80_0_0_f1c8bd4dc755f3f0f73d75d065c5668a.jpg
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тағы бір майнинг фермасы анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі. Агенттік ҰҚК департаментімен бірлесіп Нұр-Сұлтандағы өнеркәсіп аймағынан заңсыз майнинг фермасын анықтаған. Тексеру барысында үш контейнер табылды, ішінде 1 170 майнингке арналған цифрлы жабдықтың төрт түрі табылды. "Ақша түрінде өндірілген криптовалютаның алдын ала құны шамамен 2,5 миллион долларды (шамамен 1,2 миллиард теңге) құрайды", - делінген хабарламада. Аталған фактіге байланысты қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз кәсіпкерлік") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетері, 2 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында майнинг фермасы анықталды. Ресми мәліметке сәйкес, майнинг фермасы қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде жұмыс істеген. Ол жерден 56 дана арнайы жабдық тәркіленді. Өндірілген 237 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптовалюта қолма-қол ақшаға айналдырылған.
https://sputnik.kz/20220221/qazaqstan-mayning-ferma-22953174.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/09/18616443_160:0:1121:721_1920x0_80_0_0_80b9ac7685b014df7465ddc0c194268e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
майнинг ферма нур-султан нұр-сұлтан
майнинг ферма нур-султан нұр-сұлтан
Нұр-Сұлтанда тағы бір майнинг фермасы анықталды
16:55 04.03.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Криптовалютаның алдын ала құны шамамен 1,2 миллиард теңге
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тағы бір майнинг фермасы анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Агенттік ҰҚК департаментімен бірлесіп Нұр-Сұлтандағы өнеркәсіп аймағынан заңсыз майнинг фермасын анықтаған. Тексеру барысында үш контейнер табылды, ішінде 1 170 майнингке арналған цифрлы жабдықтың төрт түрі табылды.
"Ақша түрінде өндірілген криптовалютаның алдын ала құны шамамен 2,5 миллион долларды (шамамен 1,2 миллиард теңге) құрайды", - делінген хабарламада.
Аталған фактіге байланысты қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз кәсіпкерлік") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, 2 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында майнинг фермасы анықталды. Ресми мәліметке сәйкес, майнинг фермасы қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде жұмыс істеген.
Ол жерден 56 дана арнайы жабдық тәркіленді. Өндірілген 237 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптовалюта қолма-қол ақшаға айналдырылған.