https://sputnik.kz/20220221/qazaqstan-mayning-ferma-22953174.html
Қазақстанда 13 майнинг фермасы анықталды
Қазақстанда 13 майнинг фермасы анықталды
Sputnik Қазақстан
Энергетика министрлігі майнинг фермаларын анықтау жұмысын әлі де жалғастырады 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T10:52+0500
2022-02-21T10:52+0500
2022-02-21T10:52+0500
экономика
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/1166/31/11663169_0:144:3129:1904_1920x0_80_0_0_20ab9aad675cd6a8fd5142046f42bd1a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг ферма анықталды, деп хабарлады энергетика министрлігі. Министрліктің хабарлауынша, атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді. "Мобильді топтар тексерулер нәтижесінде соңғы бес күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманы анықтап, жұмысын тоқтатты", - делінген хабарламада.Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі сегіз өңірде тіркелді: Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 МВт, Қарағанды облысында - 44 МВт энергияға шектеу енгізілгені анықталды.Ведомство майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғасатынын атап өтті.Анықталған майнинг фермалары бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіледі.18 ақпанда қаржы мониторингі агенттігі Екібастұз ГРЭС-1 аумағында майнингтік орталықтың анықталғаны туралы хабарлады. Алайды кәсіпорын бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1166/31/11663169_198:0:2929:2048_1920x0_80_0_0_191f7755e0603e2a7b1288179e7f0a32.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Қазақстанда 13 майнинг фермасы анықталды
Энергетика министрлігі майнинг фермаларын анықтау жұмысын әлі де жалғастырады
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг ферма анықталды, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Министрліктің хабарлауынша, атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді.
"Мобильді топтар тексерулер нәтижесінде соңғы бес күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманы анықтап, жұмысын тоқтатты", - делінген хабарламада.
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі сегіз өңірде тіркелді:
Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 МВт
Павлодар облысында - 22 МВт
Түркістан облысында - 3,28 МВт
Ақмола облысында - 1,03 МВт
Қостанай облысында - 0,82 МВт
Нұр-Сұлтан қаласында - 1,8 МВт
Алматы қаласында - 3,5 МВт
Шымкент қаласында – 4 МВт
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 МВт, Қарағанды облысында - 44 МВт энергияға шектеу енгізілгені анықталды.
Ведомство майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғасатынын атап өтті.
Анықталған майнинг фермалары бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіледі.
18 ақпанда қаржы мониторингі агенттігі Екібастұз ГРЭС-1 аумағында майнингтік орталықтың
анықталғаны туралы хабарлады. Алайды кәсіпорын бұл ақпаратты
жоққа шығарды.