Қоғам

"Ирина Кайратовна" клиптерінің режиссері президент жанындағы кеңес құрамына кірді

© Sputnik / Тимур БатыршинҚуаныш Бейсеков
Қуаныш Бейсеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
Кеңестің жаңа құрамына журналистер, ғалымдар, еріктілер де енді
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді.
Оған қоғам белсенділері, жас ғалымдар, кәсіпкерлер, өңірлердің, ауыл және шығармашыл жастардың өкілдері кірді, деп хабарлады мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин.
Тізімде "Ирина Кайратовна" клиптерінің режиссері Қуаныш Бейсеков те бар.
Сондай-ақ, кеңес құрамына "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері, президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары да енген.
Волонтер Дамир Аманжолов, журналист және продюсер Нартай Аралбайұлы, журналист Мария Валяева, мультипликатор Глеб Пономарев те солардың қатарында.
"Бұл жастардың барлығы өз саласының майталман мамандары. Өскелең ұрпақтың өзекті мәселелерін жақсы біледі. Әртүрлі жас буынның арасында зор бедел мен сенімге ие" - деп жазды Қарин.
Жаңа құрам жастар саясатын жетілдіруге байланысты тұжырымдамалық құжаттар мен ұсыныстарды әзірлеуге атсалысады.
Дудь Ирина Кайратовна тобының қатысушыларынан сұхбат алып тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Қоғам
Президент әкімшілігі "Ирина Кайратовна" тобының сұхбатына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0