Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Санкциялардың салдары қандай болмақ

© REUTERS / KIM KYUNG-HOONқор биржасы
қор биржасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Батыс елдері Ресейді жаппай қаржы-экономикалық соғыспен тоқтатуға мүдделі. Оны әлемдік экономикадан шығарып жіберуден де тайынбайды. Бірақ ең күшті қаруы – энергетикалық шектеуді, яғни, ресейлік энергия ресурстарының экспортына тыйым салуға асықпай отыр, деп жазады РИА Новости.
Мақала авторының пікірінше, дәл осы санкцияны Ресейдің өзі де енгізе алады. Батыс содан қауіптенеді. Бірақ Кремль мұнай-газ "бомбасын" жаруға бармайды, шет елдердің санкцияларына қарсы шаралары да көп емес. Себебі Батыс енгізген шектеулер Ресейге ғана емес, жалпы әлемдік экономикаға кері әсерін тигізеді. Нақты салдарын ешкім айта алмай отыр.
Дегенмен, санкциялар мәңгілік емес. Өйткені Батыстың өзін шығынға батырады. Өз қолымен жасаған жаһандық қаржы-экономикалық жүйе де күйрейді. Бірақ ағылшын-сакс элитасы оны ешқашан мойындамайды. Ал әлемдік қаржы жүйесіне келген залал уақыт өте келе көбейе береді. Оны бірден көрмеуіміз де мүмкін. Алайда қазірдің өзінде Ресейге қарсы санкциялар басқа елдерге зардабын тигізіп отыр. Сол себепті Батыс ең ауыр санкцияларды алып тастауға мүдделі болуы керек.
Владимир Путин и Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ пен Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы санкция енгізді
Әрине, олар алдымен Ресейдің тоқтағанын қалайды. Соған имандай сенеді. Әйтпесе, ауқымды әрі екі жаққа та тиімсіз санкцияларға бармайтын еді. Осы орайда Атлантикалық кеңестің өкілі Джулия Фридландердің сөзі еске түседі.
"Путин мыңдаған әскерін жинаса, одақтас мемлекеттер орасан зор қаржылық күш-қуатын жұмылдырды. Енді, бұның бәрі қаржы мен армия арасындағы құмар ойынға айналды", - деп жазды ол.
"Бірақ ресейлік армия алдына қойған мақсаттарын орындаса, батыстың қаржылай соққыларын табысты болғанын қалай өлшеуге болады? Олар Мәскеуді нысанаға алып, өздері жасаған жаһандық жүйеге зақым тигізеді. Жақын арада осыны анық түсінеді. Ресейді бұғаттаймыз деп, әлемдік экономиканы бұғаттап тастайды", - деп жазады ресейлік БАҚ.
Батыс бірнеше айдың ішінде Ресей экономикасында коллапс болмаса да, халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді деп санайды. Сол кезде адамдардың наразылығы күшейеді. Путинге қарсы шығады деген болжам бар. Содан Ресей армиясы жеңілмесе де, әскери операцияның ұзаққа созылғанын, орыс пен украинның қаны көбірек төгілгенін қалайды. Зеленскийді барынша қолдап жатқаны да сол. Еуропалық одаққа қабыдаймыз дейді.
Батыс елдері Украинаның жеңісіне қатты сеніп отыр деп айту қиын. Еуропалық одақта оны құшақ жая қарсы алатынына да күмән бар. Ал ресейлік әскер кетпейді. Оны да жақсы біледі. Сол себепті бір ғана жол бар деп санайды. Әскери іс-қимылдарды барынша ұзаққа созу керек. Сонда Ресейдегі наразылық күшейіп, бүліктер бұрқ ете түседі. Путин Украинада кетуге бұйрық беруге мәжбүр болады. Ағылшын-сақ элиталары соны көздейді.
Член британского парламента Маргарет Ходж - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Әлем
Ұлыбританияда Қазақстан мен Әзербайжанға санкция енгізу ұсынылды
Американың беделді сарапшысы, халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің президенті Ричард Хаас былай дейді: "Оның елі үлкен экономикалық зардапқа және жерде үлкен әскери шығынға ұшырайтындай жасауымыз керек. Былай ашық айтқанды ұнатпаймын, бірақ Путиннің ең әлсіз жері – өлген ресейлік солдаттар. Сондықтан біз Украинаны қарсыласу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуіміз керек".
Сонда мәселе Украинада ғана емес. Хаас Ресейдегі режимді ауыстыруға үндеп отыр. Ол үшін орыстарға Украинада "екінші Ауғанстанды" ұйымдастыру қажет.
Әрине, олар Украинаға әскери көмек бере алмағаннан кейін "Ресейді іштен құртамыз" деп, соғысып жатқан украиндардың жауынгерлік рухын көтеруге тырысып жатыр. Ал Путин болмаса, санкциялар да болмайды. Батысқа келетін салдары да азаяды.
Соғыс аяқталады. Бірақ жаһандық қаржы-экономикалық және геосаяси дауыл енді ғана басталды...
Жаңалықтар
0