Спорт

Паралимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі

© РИА Новости / Медиабанкке өтуКамера
Камера - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады
АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар Қытайда өтетін XІІІ Қысқы паралимпиада ойындарын тікелей эфирде көре алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтетін Қысқы паралимпиада ойындары Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады телеарна.
Жаһандық додаға әлемнің 50 елінен келген 700 спортшы қатысады. XІІІ Қысқы Паралимпиадаға Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен қатысады.
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады. Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен Әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.
Телеэфирден бөлек, паралимпиадалық жарыстарды арнаның www.qazsporttv.kz ресми сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасынан көруге болады.
Абзал Әжіғалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Спорт
"Мойындауымыз керек": министрлік Әжіғалиевтің сынына жауап берді
Жаңалықтар
0