Украинада 660 қазақстандық эвакуация күтіп отыр - СІМ

© Photo : Telegram / МИД Казахстана Репатриациялық рейс
Репатриациялық рейс - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Шамамен 80 адам бүгін шекараны кесіп өтеді, деді министр орынбасары
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Соңғы мәліметтерге сәйкес Украинадағы 660 қазақстандықтан эвакуацияға өтініш түсті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

"Осы күндері украина аумағынан 450-ден астам адам шығарылды. киевте, львовта адамдар жиналып жатыр. Тағы шамамен 80 адам бүгін шекараны кесіп өтеді. Жүк көлігінің жүргізушілеріне қатысты мәселе шешіліп жатыр", - деді қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары шахрат нұрышев.

50 жүк көлігі жүргізушісінің 19-ын шекараны кесіп өткен, қалғандары бойынша қазіргі уақытта жұмыс жүргізілуде. Министрлік олардың қай жерде тұрғанын анықтап, мемлекеттік органдармен "жасыл дәліз" туралы келісіп жатыр.
"Біздің елшіліктің қазіргі негізгі міндеті – азаматтарымызға мейлінше көмек көрсету. Консулдық есепте шамамен 1600 адам тұр", - деді ол.
Украинадағы Қазақстан елшілігінде 8 адам қалып отыр, оның ішінде елші де бар.
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Саясат
Депутаттың Қазақстанға қатысты мәлімдемесі: СІМ Ұлыбритания елшісін шақырды
Жаңалықтар
0