https://sputnik.kz/20220302/deputat-qazaqstan-sim-ulybritaniya-23223041.html
Депутаттың Қазақстанға қатысты мәлімдемесі: СІМ Ұлыбритания елшісін шақырды
Депутаттың Қазақстанға қатысты мәлімдемесі: СІМ Ұлыбритания елшісін шақырды
Sputnik Қазақстан
Жуырда депутат Маргарет Ходж Ұлыбританияның сыртқы істер министрінен "Путинге қолдау көрсететін" Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар енгізуге бола ма... 02.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-02T10:48+0500
2022-03-02T10:48+0500
2022-03-02T11:03+0500
саясат
қазақстан
ұлыбритания
депутат
елші
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/1189/69/11896956_116:0:3000:1622_1920x0_80_0_0_472ead39acc1285289ca8de949437f77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз - Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания тарапының британиялық парламент депутатының мәлімдемесін түсіндіруін күтіп отыр.Жуырда депутат Маргарет Ходж Ұлыбританияның сыртқы істер министрінен "Путинге қолдау көрсететін" Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар енгізуге бола ма деп сұраған болатын.Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Лиз Трасс бұл мәселені анықтап зерттеу керектігін айтты."Бұл парламентте сөз сөйлеген бір депутаттың мәлімдемесі. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі (Кэти Лич - Sputnik) бүгін сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Біз одан осы жағдайға қатысты түсініктеме күтеміз", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев парламент кулуарында.Журналистер вице-министрден Владимир Жириновскийге (Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты) ұқсас Ходжға да санкциялар енгізуге бола ма деп сұрады. СІМ өкілі мұндай мәселе әлі қарастырылып жатқан жоқ деп жауап берді.Қаңтар оқиғасынан кейін дәл осы Маргарет Ходж Қазақстанның "клептократиялық элитасына" қарсы санкциялар енгізуді ұсынған еді.
қазақстан
ұлыбритания
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1189/69/11896956_837:0:3000:1622_1920x0_80_0_0_74a57824078bce7dfff116c2ebd5f7b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан санкция депутат ұлыбритания англия великобритания маргерет ходж сім мид сыртқы істер мәлімдеме видео
қазақстан санкция депутат ұлыбритания англия великобритания маргерет ходж сім мид сыртқы істер мәлімдеме видео
Депутаттың Қазақстанға қатысты мәлімдемесі: СІМ Ұлыбритания елшісін шақырды
10:48 02.03.2022 (жаңартылды: 11:03 02.03.2022) Жуырда депутат Маргарет Ходж Ұлыбританияның сыртқы істер министрінен "Путинге қолдау көрсететін" Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар енгізуге бола ма деп сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз - Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания тарапының британиялық парламент депутатының мәлімдемесін түсіндіруін күтіп отыр.
Жуырда депутат Маргарет Ходж Ұлыбританияның сыртқы істер министрінен "Путинге қолдау көрсететін" Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар енгізуге бола ма деп сұраған болатын.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Лиз Трасс бұл мәселені анықтап зерттеу керектігін айтты.
"Бұл парламентте сөз сөйлеген бір депутаттың мәлімдемесі. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі (Кэти Лич - Sputnik) бүгін сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Біз одан осы жағдайға қатысты түсініктеме күтеміз", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев парламент кулуарында.
Журналистер вице-министрден Владимир Жириновскийге (Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты) ұқсас Ходжға да санкциялар енгізуге бола ма деп сұрады. СІМ өкілі мұндай мәселе әлі қарастырылып жатқан жоқ деп жауап берді.
Қаңтар оқиғасынан кейін дәл осы Маргарет Ходж Қазақстанның "клептократиялық элитасына" қарсы санкциялар енгізуді ұсынған еді.