https://sputnik.kz/20220302/tenge-qazaqstan-zhalaqy-23231103.html
Теңгенің құлдырауына байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме
Теңгенің құлдырауына байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме
Sputnik Қазақстан
Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің мұң-мұқтажын түсініп, қолдау көрсетуі керек, деді Шәпкенов 02.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-02T13:15+0500
2022-03-02T13:15+0500
2022-03-02T13:22+0500
доллар бағамы
теңге бағамы
жалақы
https://sputnik.kz/img/673/89/6738942_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_b03432d1080ddd7c23cddcce4ac0817b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов доллардың қымбаттауы мен инфляцияға байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол қазақстандықтардың табысын арттыру мәселесі мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті.Айтуынша, ведомство осы мәселеге қатысты ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр."Біз қазір ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестермен экономикамыз қандай сценарий бойынша жүретінін талқылап жатырмыз. Осыдан кейін белгілі бір тұжырымдар жасалады", - деді министр.Айта кетері, Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты теңге бағамы әжептәуір төмендеп кетті.2 наурызда Қазақстан қор биржасынының мәліметіне сәйкес, таңертеңгілік сауда-саттықтың нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 492,21 теңге болды.
https://sputnik.kz/20220302/dollar-bagamy-23222017.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/673/89/6738942_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_acc2282f32c94cab7a508cd97edff0b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге бағамы жалақы доллар бағамы зарплата
теңге бағамы жалақы доллар бағамы зарплата
Теңгенің құлдырауына байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме
13:15 02.03.2022 (жаңартылды: 13:22 02.03.2022) Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің мұң-мұқтажын түсініп, қолдау көрсетуі керек, деді Шәпкенов
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов доллардың қымбаттауы мен инфляцияға байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол қазақстандықтардың табысын арттыру мәселесі мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті.
"Қазір біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпорындармен жұмыс істеп жатыр. Кімнің айлығы медиандық жалақыдан төмен екеніне талдау жүргізіп жатырмыз. Елімізде медиандық жалақы 157 мың теңгені құрайды. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің мұң-мұқтажын түсініп, қолдау көрсетуі керек", - деді Шәпкенов мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, ведомство осы мәселеге қатысты ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
"Біз қазір ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестермен экономикамыз қандай сценарий бойынша жүретінін талқылап жатырмыз. Осыдан кейін белгілі бір тұжырымдар жасалады", - деді министр.
Айта кетері, Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты теңге бағамы әжептәуір төмендеп кетті.
2 наурызда Қазақстан қор биржасынының мәліметіне сәйкес, таңертеңгілік сауда-саттықтың нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 492,21 теңге болды.