Доллар бағамы қайта өсті

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, валюта, тенге, доллар
Деньги, валюта, тенге, доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді.
Қазақстан қор биржасынының (KASE) мәліметіне сәйкес, таңертеңгілік сауда-саттықтың нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 6,68 теңгеге көтеріліп, 492,21 теңге болды.
Айта кетері, кеше күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 487,75 теңге болып, 7,25 теңгеге төмендеген еді.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу құны – 490 теңге, сату – 499,5 теңге.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 489 теңгеден сатып алынып, 497 теңгеден сатылып жатыр.
Жаңалықтар
0