Қоғам

Назарбаевтар отбасын қорғайтын заңның күші жойыла ма – мәжіліс төрағасының жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев пен Әлия Назарбаева
Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлия Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Спикер елдің сыртқы және ішкі саясатын Елбасымен келісу нормасы алынып тасталғанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісі Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою мәселесін қарап жатқан жоқ. Бұл туралы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін спикер Ерлан Қошанов журналистер алдына шығып, сауалдарға жауап берді. БАҚ өкілдері парламент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою мәселесін қарай ма деп сұрады.

"Бұл мәжілістің жоспарында жоқ. Біз неге оның күшін жоюымыз қажет. Мұндай мәселе тұрған жоқ. Ол тарихи тұлға, Елбасының тарихи рөлі зор екеніне ешкім дауласпайды деп ойлаймын", - деді Қошанов журналистерге.

Ол бұған дейін депутаттар заңға бірқатар өзгеріс енгізіп, Елбасыны Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырғанын еске салды.
Сонымен қатар, елдің сыртқы және ішкі саясатын Елбасымен келісу нормасы да алынып тасталғанын атап өтті.
"Тек Елбасы мәртебесі туралы ғана норма қалды. Сондықтан ешкім мұндай мәселе қозғап отырған жоқ", - деді спикер.
Бұған дейін әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш президент туралы заңды алып тастауды тек парламент қана ұсына алатынын айтқан болатын.
"Заңды оны қабылдаған парламент қана алып тастайды. Яғни, парламент мұндай заң күшін жоюға тиіс деген шешім қабылдай алады", - деді министр.
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Жаңалықтар
0