https://sputnik.kz/20220302/dariga-nazarbaeva-okilettigi-23218603.html
Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
101 депутаттың 99-ы қаулыны жақтап дауыс берсе, біреуі қалыс қалды 02.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-02T09:07+0500
2022-03-02T09:07+0500
2022-03-02T11:41+0500
дариға назарбаева
https://sputnik.kz/img/1204/00/12040002_0:0:3017:1697_1920x0_80_0_0_6ba977a1597c53b3f24de1f5e08fc07a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісінің отырысында Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Дариға Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов. 101 депутаттың 99-ы қаулыны жақтап дауыс берсе, біреуі қалыс қалды. Дариға Назарбаеваның өзі бүгін мәжіліс отырысына келген жоқ.Оның орнына мәжіліске депутаты болған қоғам қайраткері Саясат Нұрбек бүгінгі отырыста Қазақстан халқына ант берді.Еске салсақ, 25 ақпанда Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді. Ол өз үндеуінде қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналысатынын айтты. Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері мәжіліс отырыстарына қатыспады. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.
https://sputnik.kz/20220302/mazhilis-deputat-sayasat-nurbek-23219573.html
https://sputnik.kz/20220113/aliya-nazarbaeva-almaty-19133854.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1204/00/12040002_59:0:2790:2048_1920x0_80_0_0_ab067e7a9172eacc21c589b15f85603f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дариға дарига назарбаева депутат мәжіліс мажилис өкілеттік полномочия саясат нурбек
дариға дарига назарбаева депутат мәжіліс мажилис өкілеттік полномочия саясат нурбек
Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
09:07 02.03.2022 (жаңартылды: 11:41 02.03.2022) 101 депутаттың 99-ы қаулыны жақтап дауыс берсе, біреуі қалыс қалды
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісінің отырысында Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Дариға Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
101 депутаттың 99-ы қаулыны жақтап дауыс берсе, біреуі қалыс қалды.
Дариға Назарбаеваның өзі бүгін мәжіліс отырысына келген жоқ.
Оның орнына мәжіліске депутаты болған қоғам қайраткері Саясат Нұрбек бүгінгі отырыста Қазақстан халқына ант берді.
Еске салсақ, 25 ақпанда Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді. Ол өз үндеуінде қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналысатынын айтты.
Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері мәжіліс отырыстарына қатыспады. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.