https://sputnik.kz/20220301/ushinshi-duniezhuzilik-sogys-qaupi-bar-ma-23242204.html
Үшінші Дүниежүзілік соғыс қаупі бар ма?
Үшінші Дүниежүзілік соғыс қаупі бар ма?
Sputnik Қазақстан
Еуропалық одақ НАТО-ның бір бөлімшесі іспетті. Ол жерде Пентагонның мүддесі басым. Бүгінде Еуропаның бірнеше мемлекеті Украинаға әскери авиация, ауыр... 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T21:50+0500
2022-03-01T21:50+0500
2022-03-02T17:11+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:199:2932:1848_1920x0_80_0_0_0ec5322e5b3b7425749e4e7b4fd961fb.jpg
Еуропалық одақ НАТО-ның бір бөлімшесі іспетті. Ол жерде Пентагонның мүддесі басым. Бүгінде Еуропаның бірнеше мемлекеті Украинаға әскери авиация, ауыр қару-жарақ пен "еріктілерді" жіберу мәселесін талқылап жатыр. Бұның барлығы Ресеймен арадағы қақтығысқа, Еуропа мен АҚШ жерінде термоядролық соғысқа әкеліп соқтыруы мүмкін, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко. 1 наурызда Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинадағы арнайы әскери операция жалғасады деп мәлімдеді. Оған Еуропалық одақ пен НАТО-ның риторикасы да, АҚШ-тың санкциялары, қару-жарақты тарату бастамасы да әсер ете алмайды. Ал сырттан біреу қарумен кедергі жасаса, НАТО-ның басқару орталықтарына, тіпті АҚШ территориясына да соққы жасалады. 27 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин алдын ала ескерту айтты. Одан кейін стратегиялық тежеу күштерін ерекше кезекшілік режиміне көшіруге тапсырма берілді.Жақында еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель және G7 елдерінің бір топ сыртқы істер министрі Украинаға қару-жарақтың жеткізілетінін айтты. Дегенмен, Болгария, Польша мен Словакияның қарулы күштерінің құрамына кіретін 56 МиГ-29 жойғыш ұшағы мен Су-25 шабуылдаушы ұшағын Киевке беру туралы ақпарат шындыққа келмейтін сияқты.Мәселен, НАТО авиациясы поляк аэродромдарынан Украинадағы ресейлік әскерге соққы жасалды дейік. Ондай әрекет альянстың Ресей Федерациясына қарсы агрессия ретінде қабылданады. Салдары да белгілі. Содан болар, Болгарияның премьер-министрі Кирилл Петков пен Польша президенті Анжей Дуда әскери авиацияны жеткізу туралы ақпаратты бірден жоққа шығарды.Ал НАТО-ның әскери-әуе күштері өзге елдің туымен Украинада ұшатын болса, Пентагон мен альянс Ресеймен қарулы қақтығысқа дайын деп қабылдауға болады. Ондай әрекеттердің арты термоядролық соғысқа ұласады.Автордың айтуынша, ақпан айында Украинаның қарулы күштері біраз шығынға батты дейді. Осыдан кейін 56 МиГ-29 пен 14 Су-25 ұшағын басқаратын адам керек болады. Дегенмен, "жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды". Техноголиялық тұрғыда Украинаға жойғыш және шабуылдаушы ұшақтарды жеткізуге әбден болады. Осы 70 ұшақ – Шығыс Еуропаға "Варшава келісімінен" қалған мұра. Ескі техника болса да, ұша алады.АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің резервінен F-16 жойғыш ұшақтарын да жеткізе салуы да мүмкін. Алайда украин ұшқыштарын қайта даярлауға тура келеді. Оған уақыт жоқ.Негізі, АҚШ-тың "демократияны дамыту" тәжірибесін бәріміз жақсы білеміз. Ирак, Югославия, Ауғанстан, Ливия, Сирия...Ал Ресейдің әскери операциясы – мәжбүрлі шара. Оған НАТО-ның өзі итермелеп отыр. Украинадағы қақтығыс – АҚШ саясатының нәтижесі. Дегенмен, Америка президенті Джозеф Байден ядролық соғыстың қаупі жоқ деп санайды. Демек, Батыс Ресеймен ашық қақтығысқа бармайды және сәтсіз "украин жобасы" үшін әлемнің тас-талқанын шығаруға мүдделі емес.Осы орайда Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі Дуглас МакГрегордың америкалық телеарнаға берген сұхбаты еске түседі."Владимир Путин өз шекарасында АҚШ әскері мен зымырандарының тұрғанын қаламайды. Сол сияқты біз де Кубада ресейлік әскерді көргіміз келмейді. Біз мән берген жоқпыз. Ол соңғы 15 жыл бойы ескерту жасаған. Енді, соны істеп жатыр", - деді МакГрегор.Америкалық полковниктің сөзін Maxar Technologies-тің жер серігінен түсірілген суреттер де растап отыр. Киевтің іргесінде 2 300-ден астам ресейлік брондалған техника жиналып қалды.
https://sputnik.kz/20220224/ukraina-resey-diplomatiyalyq-qatynastar-23060975.html
https://sputnik.kz/20220228/ukraina-delegatsiyasy-resey-23151458.html
https://sputnik.kz/20220226/ukraina-toniregindegi-zhagday-qazaqstan-ekonomikasyna-qalay-aser-etedi-23129609.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Еуропалық одақ НАТО-ның бір бөлімшесі іспетті. Ол жерде Пентагонның мүддесі басым. Бүгінде Еуропаның бірнеше мемлекеті Украинаға әскери авиация, ауыр қару-жарақ пен "еріктілерді" жіберу мәселесін талқылап жатыр. Бұның барлығы Ресеймен арадағы қақтығысқа, Еуропа мен АҚШ жерінде термоядролық соғысқа әкеліп соқтыруы мүмкін, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
1 наурызда Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинадағы арнайы әскери операция жалғасады деп мәлімдеді. Оған Еуропалық одақ пен НАТО-ның риторикасы да, АҚШ-тың санкциялары, қару-жарақты тарату бастамасы да әсер ете алмайды. Ал сырттан біреу қарумен кедергі жасаса, НАТО-ның басқару орталықтарына, тіпті АҚШ территориясына да соққы жасалады. 27 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин алдын ала ескерту айтты. Одан кейін стратегиялық тежеу күштерін ерекше кезекшілік режиміне көшіруге тапсырма берілді.
Жақында еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель және G7 елдерінің бір топ сыртқы істер министрі Украинаға қару-жарақтың жеткізілетінін айтты. Дегенмен, Болгария, Польша мен Словакияның қарулы күштерінің құрамына кіретін 56 МиГ-29 жойғыш ұшағы мен Су-25 шабуылдаушы ұшағын Киевке беру туралы ақпарат шындыққа келмейтін сияқты.
Мәселен, НАТО авиациясы поляк аэродромдарынан Украинадағы ресейлік әскерге соққы жасалды дейік. Ондай әрекет альянстың Ресей Федерациясына қарсы агрессия ретінде қабылданады. Салдары да белгілі. Содан болар, Болгарияның премьер-министрі Кирилл Петков пен Польша президенті Анжей Дуда әскери авиацияны жеткізу туралы ақпаратты бірден жоққа шығарды.
Ал НАТО-ның әскери-әуе күштері өзге елдің туымен Украинада ұшатын болса, Пентагон мен альянс Ресеймен қарулы қақтығысқа дайын деп қабылдауға болады. Ондай әрекеттердің арты термоядролық соғысқа ұласады.
Автордың айтуынша, ақпан айында Украинаның қарулы күштері біраз шығынға батты дейді. Осыдан кейін 56 МиГ-29 пен 14 Су-25 ұшағын басқаратын адам керек болады. Дегенмен, "жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды". Техноголиялық тұрғыда Украинаға жойғыш және шабуылдаушы ұшақтарды жеткізуге әбден болады. Осы 70 ұшақ – Шығыс Еуропаға "Варшава келісімінен" қалған мұра. Ескі техника болса да, ұша алады.
АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің резервінен F-16 жойғыш ұшақтарын да жеткізе салуы да мүмкін. Алайда украин ұшқыштарын қайта даярлауға тура келеді. Оған уақыт жоқ.
Негізі, АҚШ-тың "демократияны дамыту" тәжірибесін бәріміз жақсы білеміз. Ирак, Югославия, Ауғанстан, Ливия, Сирия...Ал Ресейдің әскери операциясы – мәжбүрлі шара. Оған НАТО-ның өзі итермелеп отыр.
Украинадағы қақтығыс – АҚШ саясатының нәтижесі. Дегенмен, Америка президенті Джозеф Байден ядролық соғыстың қаупі жоқ деп санайды. Демек, Батыс Ресеймен ашық қақтығысқа бармайды және сәтсіз "украин жобасы" үшін әлемнің тас-талқанын шығаруға мүдделі емес.
Осы орайда Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі Дуглас МакГрегордың америкалық телеарнаға берген сұхбаты еске түседі.
"Владимир Путин өз шекарасында АҚШ әскері мен зымырандарының тұрғанын қаламайды. Сол сияқты біз де Кубада ресейлік әскерді көргіміз келмейді. Біз мән берген жоқпыз. Ол соңғы 15 жыл бойы ескерту жасаған. Енді, соны істеп жатыр", - деді МакГрегор.
Америкалық полковниктің сөзін Maxar Technologies-тің жер серігінен түсірілген суреттер де растап отыр. Киевтің іргесінде 2 300-ден астам ресейлік брондалған техника жиналып қалды.