Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді - Зеленский

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуВладимир Зеленский
Владимир Зеленский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Бейсенбі күні таңертең Ресей президенті Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынастарды үзу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бейсенбіде өткен брифингте Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
"Біз Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтаттық", - деді ол.
Бейсенбі күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол ресейліктерге берген сұхбатында бұл жағдайлар "бізден шешуші және жедел әрекетті талап етеді, Донбасс Халық республикалары көмек сұрап Ресейге жүгінді" деді.
Ресей басшысының айтуынша, қантөгіс үшін барлық жауапкершілік Украинаның билік режимінің мойнында. Ол Украина әскерін биліктің қылмыстық бұйрықтарын орындамауға, қару-жарақтарын қойып, үйлеріне қайтуға шақырды.
Қазақстан төлқұжаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Әлем
Қазақстанның қанша азаматы қазір Украинада жүр
Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары жойылып, Қарулы Күштердің авиациялық базаларының инфрақұрылымы істен шығарылғанын хабарлады.
Ведомство Украина қалаларына ешқандай соққы жасалмайтынын, қарапайым тұрғындарға қауіп төнбейтінін мәлімдеген болатын.
Ресей әскери бөлімінің мәлімдемесіне сәйкес, Украинаның әскери шекара қызметтері "ешқандай қарсылық танытып жатқан жоқ".
Берік Уали - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Қоғам
Президенттің баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбат береді
Жаңалықтар
0