https://sputnik.kz/20220301/sinoptikter-nauryz-ay-aua-rayy-23204530.html
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
2022-03-01T16:41+0500
2022-03-01T16:41+0500
2022-03-01T16:41+0500
қоғам
ауа райы болжамы
наурыз
https://sputnik.kz/img/07e5/04/07/16730182_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_370300ec9eea61b1a2c0cd2a603f2bd2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазгидромет наурыз айына ауа райы болжамын ұсынды.Синоптиктердің болжамынша, алғашқы онкүндіктің ортасында көптеген өңірде күн жылы болады, бірақ ол ұзаққа созылмайды."Наурыз айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары, Батыс Қазақстан облысында және Атырау облысының қиыр солтүстік-батысында нормаға жуық болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, ал солтүстік-батыста нормадан көп болады", - делінген хабарламада.Бірінші онкүндіктің басында батыс антициклоны мен Сібір антициклоны әсерінен елдің басым бөлігінде ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді.Түнде температура:Күндізгі температураның негізгі фоны: солтүстік-батыста -3+2°С, солтүстік бөлігінде – -3-8°С, оңтүстік жартысында – +8+15°С, қиыр оңтүстікте +20°С.Онкүндік ортасында солтүстік өңірлерде жаңбыр және қар жауып, кей күндері бұрқасын соғады. Оңтүстік облыстарда көбіне жаңбыр жауады, ал батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын болады. Желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр. Тұман түсіп, көктайғақ болуы да мүмкін.Осыдан кейін ауа температурасы қысқа мерзімге жоғарылайды:"Онкүндік соңында батыс антициклонның ығысуымен жауын-шашын тоқтап, солтүстікте ауа температурасы түнде қайтадан -10-17°С дейін, күндіз 5-10°С дейін төмендейді. Ал оңтүстікте түнде 0,-8°С дейін, күндіз +3+8°С дейін түседі", - деді синоптиктер.Айдың екінші және үшінші онкүндігінде көбінесе солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел күшейеді, елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтілуде.Ауа температурасы:
https://sputnik.kz/20220222/qazaqstan-su-tasqyny-qauip-22983547.html
https://sputnik.kz/20220228/nauryz-qazaqstandyqtar-demalady-23161249.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/07/16730182_183:0:2850:2000_1920x0_80_0_0_a62172d834746051b0b512e21a15f565.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз айы 2022 жыл ауа райы болжамы прогноз погоды на март 2022
наурыз айы 2022 жыл ауа райы болжамы прогноз погоды на март 2022
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болады
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазгидромет наурыз айына ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, алғашқы онкүндіктің ортасында көптеген өңірде күн жылы болады, бірақ ол ұзаққа созылмайды.
"Наурыз айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары, Батыс Қазақстан облысында және Атырау облысының қиыр солтүстік-батысында нормаға жуық болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, ал солтүстік-батыста нормадан көп болады", - делінген хабарламада.
Бірінші онкүндіктің басында батыс антициклоны мен Сібір антициклоны әсерінен елдің басым бөлігінде ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді.
батыста, солтүстік-батыста – -5-15°С дейін;
солтүстікте, орталықта және шығыста – -15-25°С дейін;
оңтүстік өңірлерде – -3-11°С дейін түседі.
Күндізгі температураның негізгі фоны: солтүстік-батыста -3+2°С, солтүстік бөлігінде – -3-8°С, оңтүстік жартысында – +8+15°С, қиыр оңтүстікте +20°С.
Онкүндік ортасында солтүстік өңірлерде жаңбыр және қар жауып, кей күндері бұрқасын соғады. Оңтүстік облыстарда көбіне жаңбыр жауады, ал батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын болады. Желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр. Тұман түсіп, көктайғақ болуы да мүмкін.
Осыдан кейін ауа температурасы қысқа мерзімге жоғарылайды:
солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде 0, -8°С дейін, күндіз 0,+5°С дейін;
оңтүстік бөлігінде түнде +2+10°С, күндіз +13+20°С дейін;
тек елдің батысында күндіз 0, -8°С дейін аздап төмендейді.
"Онкүндік соңында батыс антициклонның ығысуымен жауын-шашын тоқтап, солтүстікте ауа температурасы түнде қайтадан -10-17°С дейін, күндіз 5-10°С дейін төмендейді. Ал оңтүстікте түнде 0,-8°С дейін, күндіз +3+8°С дейін түседі", - деді синоптиктер.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде көбінесе солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел күшейеді, елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтілуде.
батыс өңірлерде түнде -7-15°С-тан -2+3°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-тан +16+21°С-қа дейін;
солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -12-23°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз -1-6°С-тан +11+16°С-қа дейін;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -3-8°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз -4+1°С-тан +18+23°С-қа дейін ауытқиды.