https://sputnik.kz/20220222/qazaqstan-su-tasqyny-qauip-22983547.html
Қазақстанның қай өңірлеріне су тасқыны қаупі төніп тұр
Қазақстанның қай өңірлеріне су тасқыны қаупі төніп тұр
Sputnik Қазақстан
Күн күрт жылынған жағдайда кейбір өңірлердің елді мекендерінде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T09:29+0500
2022-02-22T09:29+0500
2022-02-22T09:29+0500
су тасқыны
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/1360/42/13604248_117:0:1361:700_1920x0_80_0_0_99ac46b692564c5e91fab5b72b627f4a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин көктем мезгілінде су тасу қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды", - деді Ильин үкімет отырысында.Атап айтқанда, тәуекелі жоғары өңірлерге Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.Тәуекелі орташа аймақтарға Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары кіреді.Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларды іске асыру нәтижесінде 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды, ал 385 елді мекенде қауіп барынша азайтылды."Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін қауіп сақталуда", - деді ол.Сондай-ақ су тасқынын болдырмас үшін жанар-жағармай (15,2 мың тонна) және инертті материалдар (226,3 мың тонна) мен құм салынған қаптар (823 мың дана) қоры қалыптастырылды.Елді мекендерден қарды шығару жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 5 миллион текше метрден астам қар шығарылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1360/42/13604248_272:0:1205:700_1920x0_80_0_0_e3b15daefc229ead2f815792c8f8dbe3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, төтенше жағдай
су тасқыны, төтенше жағдай
Қазақстанның қай өңірлеріне су тасқыны қаупі төніп тұр
Күн күрт жылынған жағдайда кейбір өңірлердің елді мекендерінде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин көктем мезгілінде су тасу қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды", - деді Ильин үкімет отырысында.
Атап айтқанда, тәуекелі жоғары өңірлерге Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
Тәуекелі орташа аймақтарға Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары кіреді.
"Күннің күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, сондай-ақ қатты жауын-шашын жағдайында осы өңірлердің елді мекендерінде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін", - деп ескертті министр.
Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларды іске асыру нәтижесінде 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды, ал 385 елді мекенде қауіп барынша азайтылды.
"Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін қауіп сақталуда", - деді ол.
Сондай-ақ су тасқынын болдырмас үшін жанар-жағармай (15,2 мың тонна) және инертті материалдар (226,3 мың тонна) мен құм салынған қаптар (823 мың дана) қоры қалыптастырылды.
Елді мекендерден қарды шығару жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 5 миллион текше метрден астам қар шығарылған.