Денсаулық

Наурызда COVID-ке қатысты жағдай қандай болады - бас санитар дәрігер болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневҚала тұрғындары
Қала тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
Пессимистік сценарий бойынша күніне 360 жағдай тіркеледі
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз - Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова наурызда коронавируспен байланысты жағдайға болжам жасады.
Оптимистік сценарий: профилактика шараларын сақтаған кезде елде наурызда тәулігіне 250-ге жуық адам жұқтырады.
Реалистік сценарий - наурыз айында күніне 310 адам ковидке шалдығады.
Пессимистік сценарий - күніне 360 жағдайға дейін.
"Омикрон" штамының бесінші толқынының максималды таралу шегі төмендеді. Бұған алдын алу, емдеу, шектеу шараларын үнемі жетілдірудің арқасында қол жеткізілді, деді вице-министр.
Елорда тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Қоғам
Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Жаңалықтар
0