Қоғам

Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда тұрғындары
Елорда тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жас жігіттер әскерге шақырылады, кәсіпкерлер бизнестен түсетін кірісі үшін бөлек шот ашады, ал елордада ақылы тұрақтар іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтарды наурыз айында бірқатар өзгеріс күтіп тұр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Әскерге шақыру науқаны басталады

Бүгін, 1 наурыз көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Биыл Қарулы күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және Ұлттық ұлан қатарын 17 мыңнан аса адам толықтырады деп күтілуде.
Қолданыстағы заңға сәйкес, мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18 жастан 27 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары шақырылады.
Әскерге шақырылатындарға СМС-хабарлама және үйлеріне жеке шақыру қағазы жолданады.
Жас сарбаздар екі рет – жиын пунктерінде және әскери бөлімге барған кезде коронавирусқа қарсы ПТР-тест тапсырады.

Мобильді төлемдер

2022 жылғы 1 наурыздан бастап мобильді төлемдерге қатысты нормалар күшіне енеді.
Енді кәсіпкерлерге бизнестен түсетін кіріс пен өз шотына аударылатын ақшаны араластыруға болмайды. Сол себепті мобильді төлем ұғымы енгізіліп отыр. Мобильді төлем арқылы қазақстандықтар тауарлар мен қызметтер ақысын төлейді. Бизнесмен мобильді төлем бойынша ақша алу үшін жеке шот ашуға тиіс.
Kaspi bank картасы мен смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Экономика
Салықшылар бақылайды: қандай мобильді аударымдар күмән туғызады
Салық органдары бұл өзгерістің қарапайым қазақстандықтарға еш қатысы жоқ екеніне сендірді. Жеке тұлғалар мобильді аударымдар арқылы бір-біріне әдеттегідей ақша аудара береді. Жаңашылдық тек кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға қатысты.
Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді төлемдер бойынша мәлімет алмасу тек 2025 жылдан жоспарланып отыр.

Салық төлеушінің паспорты

Бірінші наурыздан бастап Қазақстанда "салық төлеушінің паспорты" пайда болады. Ол қоғамдық тамақтандыру және сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге қажет.
Паспорт QR-код түрінде жасалады. Ол дәмхана немесе дүкендерде бақылау-касса машиналары тұрған жерге орналастырылады.
Паспортта салық құпиясына жатпайтын деректер болады, атап айтқанда:
ЖСН/БСН;
жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы;
жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
салық төлеушінің мәртебесі;
тiркеу есебiне қойылған күн;
бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
Салық төлеушінің паспорты айына бір рет жаңарып тұрады.

Қосымша пойыздар қатынайды

Наурыз мерекесіне орай өңірлер арасында қосымша пойыздар іске қосылады. Оған мейрам кезінде жолаушылардың көбеюі себеп.
Дәлірек айтқанда, мына коммерциялық пойыздар жолға шығады:
"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" бағытындағы №202/201 пойызы елордадан 18, 21, 24 наурызда жөнелтіледі. Шымкенттен 19, 21, 25 наурызда кері қайтады;
"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-1" бағытындағы №204/203 пойызы елордадан 18 және 21 наурызда жолға шығады. Сол пойыз 19 және 22 наурызда кері қайтады;
"Ақтөбе – Атырау" бағытындағы №206/205 пойызы Ақтөбеден 18 және 20 наурызда, ал Атыраудан 19 және 21 наурызда жолға шығады;
"Алматы-2 – Шымкент" бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 18 және 20 наурызда аттанады. Бұл пойыз 19 және 21 наурызда кері қайтады.
Бұдан бөлек наурыздың басында Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ашылғанға дейін төрт халықаралық пойыздың бағыты қысқартылады. Олар облыстар арасында қатынайды.

Елордадағы ақылы автотұрақтар

1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда тағы бірнеше ақылы автотұрақ іске қосылады.
Ақылы автотұрақтардың нөмірі 11*, 2*, 3*, 4* деп басталады. Тариф – сағатына 100 теңге. Тұрақ орны үшін ақшаны алғашқы 30 минут ішінде төлеу қажет.
Платный проезд по автобану Астана-Щучинск - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Экономика
Министрлік ақылы жолдардан қанша қаражат түскенін жариялады
Айта кетері, төленген уақыт өтіп кеткеннен кейін 10 минут ішінде ақылы автотұрақтан шығып кету керек. Әйтпесе, айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері 3 АЕК немесе 9 189 теңгені құрайды. Бір аптаның ішінде 50 процентін төлеуге болады.
1 наурыздан бастап ақылы тұрақтар мына аймақтарда іске қосылады:
Бөгенбай батыр даңғылы – Сарыарқа – Республика – Есіл өзені жағалауы квадраты;
Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Б.Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы квадраты;
Сарайшық – Сығанақ көшелері, Тұран мен Мәңгілік ел даңғылдары квадраты;
"Артем", "Шапағат" және "Әсем" базарлары аумағы.
Автотұрақтар тек жұмыс күндері таңғы сегізден кешкі сегізге дейін ақылы болады. Демалыс және мереке күндері көлік қою тегін.

Темекі қымбаттайды

Қазақстанда 1 наурыздан бастап темекі бағасы өседі. Осы жылдың шілде айына дейін темекінің ең төмен бағасы 550 теңге болады.
Фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі мен папиростардың ең төмен бөлшек сауда бағасы:
2022 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымды қоса алғанда – 550 теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда –570 теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 600 теңге болады.

DiDi қызметін тоқтатады

4 наурыздан бастап Қазақстан мен Ресейде DiDi қызметі жұмысын тоқтатады.
"Нарық жағдайының өзгеруіне және басқа сын-қатерлерге байланысты қазіргі таңда біз Қазақстан мен Ресейде ең жақсы нәтиже көрсете алмаймыз", - деп түсіндірді компания мұның себебін.
Қазақстанда DiDi шамамен бір жыл бұрын пайда болған еді. Ал компанияның өзі 2012 жылдан бастап жұмыс істейді.
Былтыр желтоқсанда Uber Қытайдағы "ашық емес нарық" салдарынан DiDi-дегі үлесін сататынын хабарлады. Компанияға 12,8%-і тиесілі.
DiDi – такси, каршеринг және райдшеринг қызметтерін ұсынатын Қытай конгломераты.
Жаңалықтар
0