Экономика

Салықшылар бақылайды: қандай мобильді аударымдар күмән туғызады

© Sputnik / Абзал КалиевKaspi bank картасы мен смартфон
Kaspi bank картасы мен смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың мобильді аударымдарының белсенділігін қадағалайды
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандық салықшылар мобильді аударымдар арқылы жеке тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысып-айналыспайтынын анықтайды.

Бір жеке тұлғаның ағымдағы банк шотына қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операциялар қатарына жатқызылады.

Тиісті түзетулер Салық кодексіне енгізілді.
Сондай-ақ банктердің мұндай операциялар бойынша мәліметтерді Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетіне беру ережелері де әзірленді.
Осылайша банктер мен ұйымдар сұрау салған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуы мүмкін деген азаматтардың аударымдары бойынша деректерді мемлекеттік кірістер комитетіне тапсырады.
Мобильные денежные переводы, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Қоғам
Жеке шот ашуға міндеттейді: елде мобильді аударымдар заңмен реттеледі
Айта кетері, Қазақстанда жеке тұлғалардың аударымдарын бақылау енгізіледі. Оған жекелеген кәсіпкерлердің аударымдар бойынша салық төлеуден бас тартуы мен аударымдар санының артуы себеп.
Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді төлемдер бойынша мәлімет алмасу 2025 жылдан бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0