Денсаулық

Қазақстандықтар біржолғы зейнетақы жинағын балаларының еміне жұмсай алады

© PhotoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Атап айтқанда, қазақстандықтарға біржолғы зейнетақы төлемін балаларының еміне пайдалануға рұқсат беріледі.
"Алушыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге пайдалануға жол беріледі", - делінген құжатта.
Бұл ереже баланың заңды өкілдері мен жақын туыстарына біржолғы зейнетақы төлемін баланың еміне пайдалану мүмкіндігін беру мақсатында әзірленген.
Сондай-ақ жұбайының және жақын туыстардың біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болады. Ол үшін тараптар алушының жеке кабинетінде некені немесе туыстық қатынасты растайтын құжаттарды қоса ұсынып, біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады, ол ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Теңге, қағаз ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Экономика
Зейнетақы жинағын пайдалану: 2022 жылы жеткілікті шек өседі
Өтініш беруші қорытындыны алғаннан кейін медициналық ұйымды, соның ішінде шетелдік ұйымды таңдап, онымен медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасасады. Өтініш беруші уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссияның қорытындысын қоса ұсынып, шарттың сканерленген нұсқасын немесе төлем шотын бекітеді.
Уәкілетті оператор құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын тексереді.
Емдеуге жұмсалатын біржолғы зейнетақы жинағының мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар:
қорытынды;
медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және (немесе) дәрілік заттарды сатып алуға сатушы мен алушы арасындағы шарт.
Егер зейнетақы жинағын алушы біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынбаса, ақша арнайы шотқа түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Құжат 14 наурызға дейін талқыланады.
Жаңалықтар
0