Экономика

Зейнетақы жинағын пайдалану: 2022 жылы жеткілікті шек өседі

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге, қағаз ақша
Теңге, қағаз ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Жазылу
Жеткілікті шек 2022 жылы ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. 2022 жылдың 1 сәуірінен кейін зейнетақы жинағының шекті межесі көтеріледі. Оған дейін қазақстандықтар бұрынғы межеден артылған ақшасын баспана сатып алуға немесе емге жұмсай алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
3 желтоқсанда Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күрт өсетіні белгілі болды. Егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылы ол 5 060 000 теңгені құрайды.
Бұл жаңалық қазақстандықтардың ашуына тиді. Өйткені көбі зейнетақы шотындағы жеткілікті шектен асқан ақшасын пайдаланып үлгермеген. Халықтың наразылығынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдады. Мемлекет басшысы үкіметке зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеткілікті шек көтерілсе, 2022 жылы 582 мың адам зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алатынын хабарлады. Алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов ондай адамдардың саны 200 мыңға да жетпейтінін мәлімдеді.

Зейнетақы жинағын қайда жұмсауға болады

  • баспана немесе жер телімін сатып алуға;
  • тұрғын үй аумағын кеңейтуге;
  • ипотеканы өтеуге немесе қайта қаржыландыруға;
  • үйде жөндеуге;
  • емделуге (өзі, әйелі немесе күйеуі, жақын туыстары үшін).
Баспана мен емге жұмсалатын зейнетақы жинағы қолға берілмейді.
Қаражатты мақсатты пайдалану үшін отбасы мүшелері қаражатты біріктіре алады.
Жаңалықтар
0