Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери техниканы қайда және не үшін тасымалдап жатыр?

© Photo : Минобороны КазахстанаОқу-жаттығу, архивтегі фото
Оқу-жаттығу, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Әлеуметтік желіде бір жерге тасымалданып жатқан әскери техниканың суреттері жарияланды. Қолданушылар оны қайда әкетіп жатқанын сұрап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери техниканың теміржол көлігімен қайда тасымалданып жатқанын айтты.
Әлеуметтік желіні теміржол арқылы тасымалданып жатқан әскери техниканың суреттері дүрліктірді.
"Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техниканы Батыс Қазақстаннан еліміздің оңтүстік өңіріне қарай осы жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында теміржол көлігімен жоспарлы тасымалдау жұмыстары атқарылып жатыр", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Сондай-ақ Ақтау гарнизоны әскери бөлімін жасақтау үшін Алматы облысынан әскери техникалар жөнелтілді.
Әскери ведомство бұл іс-шаралардың жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі қазақстандық әскерилердің Украинаға жіберілгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
баспана кілті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Қоғам
Әскери қызметшілерге арналған баспана: не өзгереді
Жаңалықтар
0