Қоғам

Әскери қызметшілерге арналған баспана: не өзгереді

CC0 / / баспана кілті
баспана кілті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы сенатқа жіберілді
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Құжатты мәжіліс мақұлдап, сенаттың қарауына енгізді.
Заңнама аясында қандай өзгерістер әзірленгенін Қарулы күштердің әскери инфрақұрылым бас басқармасының өкілі Дәуренбек Жұмабек айтып берді.
"Әскери қызметшілерге тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру мәселелері қарастырылып жатыр. Қолданыстағы заңнамада 2013 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 10 жыл және одан да көп әскери қызметте тұрған әскери қызметшілердің ғана жекешелендіруге құқығы бар. Қалған санаттың 10 не 20 жыл қызмет еткеніне қарамастан мұндай құқығы жоқ, яғни тұрған үйін жекешелендіре алмайды. Біз осы талапты алып тастауды ұсындық. 10 және одан да көп жыл қызмет еткен әскери қызметшілер қалдық құны бойынша, ал 20 жыл әскери қызметтен кейін тегін жекешелендіре алады", - деп түсіндірді спикер.
Сондай-ақ заң жобасына сәйкес, 10 жылдан астам уақыт қызмет еткен және мүгедек балалары бар әскери қызметшілер өздері тұратын пәтерді тегін жекешелендіре алады.
Әскери қызметшінің туыстарына жекешелендіру құқығын беру мәселесі де қаралып отыр.
Оның айтуынша, заң жобасындағы тағы бір жаңалық – модульдік мобильді тұрғын үйлерді құру. Бұл әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орнатылатын тез тұрғызылатын және тасымалданатын тұрғын үй. Жұмабектің айтуынша, олар жалдамалы баспана жоқ гарнизондарда қажет.
2018 жылдан бастап 12 мыңнан астам әскери қызметші ипотека бойынша пәтер алды.
"Қазір тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қызметтік тұрғын үй беру немесе олардың шотына арнайы төлемдерді жүзеге асыру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 12 мыңнан астам әскери қызметші әртүрлі мемлекеттік бағдарлама арқылы ипотекалық кредит алу арқылы тұрғын үй сатып алды. 450 әскери қызметші тұрғын үйді жекешелендірді", - деді Дәуренбек Жұмабек.
Ол тұрғын үйге мұқтаж қалған әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін алатынын айтты.
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Қоғам
Мемлекет аренданың жартысын төлейді: баспана бағасы тағы өсіп кетпей ме
Жаңалықтар
0