Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропа мән бермей отырған геноцид

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуДонецк. Архивное фото
Донецк. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Геноцид белгілері туралы ақпарат еркін және өркениетті әлемнің барлық құқық қорғау институттарына сегіз жыл бойы үнемі беріліп отырған. Алайда олар назарға ілінбеді. Бұған жауапты Украина билігіне де, Еуропа, не болмаса Америкаға мұның қажеті жоқ, деп жазады РИА Новости.
Бұл шындық буржуазиялық жайлылық пен жеке бренд үшін тым қауіпті. Бұл мейірім мен зұлымдық дегенге басқаша баға беруге әсер етеді. Ал оған жол беруге болмайды. Бұл жерде зұлымдық тарапы ретінде Ресей тұр. Қазір ғана емес, сонау 2014 жылға дейін солай болды.
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, мұнда әңгіме тек ресейліктердің батыстағы серіктестері мен олардың пікірінде ғана емес – бұл шындық өздері үшін де тым ауыр және ыңғайсыз болды. Өмір мен өлім туралы қайғылы жаңалықтарды кім үнемі қарап отырды? Лауазымы бойынша тиісті адамдардан басқа майдан тілшілері мен тергеушілер ғана.
Әрине, көптеген адам "Горловская мадонна" өлімі туралы білді, жарылып кеткен жас Кристина мен оның сегіз айлық баласының фотосы кең тарады. Сондай-ақ көпшілік Одесса туралы егжей-тегжей біледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Саясат
Тоқаев Ресей мен Украинаны келісімге келуге үндеді
Ресейде Донбастағы орыстар гуманитарлық мағынада құрбан болып жатқаны айтылғаннан кейін иронияға айналды. Орыстар? Құрбан? Мұның бәрі насихат және жалған. Немесе дәлелден ешқайда қашып кете алмаса, қоғам "олар өздері кінәлі" және "бізге килігудің қажеті жоқ еді" деген пікір айтады. Донбастың орыс балалары үшін Батыс көк тиын бермеді, демек, мұндай тақырып та жоқ.
Енді Украина билігі геноцид тақырыбын алға тарта бастады. Бұл жолы Ресейдің кінәсі бойынша. "Прогрессивті қоғам" оны қаншалықты тез айналдыра бастайды? Қазірдің өзінде басталды. "Бұл басқа" қағидаты бойынша. Медиа саласында сегіз жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан әскери насихаттың жауынгерлік принципі, деп жазды автор.
"Қазір сұрақ көпшілікке емес, бізге қойылып отыр: неге біз күн сайын бұл туралы жеке басымыздың қиындығы ретінде айтпадық. Біз – Ресей азаматтарының басым бөлігі. Бұл сұраққа өзім үшін жауап бере аламын: себебі ештеңе істеу мүмкін емес еді, ал күн сайын сол қайғылы өлім туралы ойлау да мүмкін емес" - дейді мақала авторы.
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар туралы халықаралық қоғамдық ақпарат тобының (IGCP) өкілі Максим Вилков бұл айғақтарды 2014 жылдан бастап майдан оқиғалары басталған кезде және ұлтшылдық нанымдарды ұстанатын адамдар билікке келген кезде бір топ тарихшылармен бірге жинайтынын айтады. Тарихшылар атыс, шабуыл, азаптау, тонау туралы видеолар мен ауызша дәлелдерді өздері жинайды немесе республикалардан алады. Топ сегіз жылдан бері осы құжаттармен халықаралық алаңдарға, ең алдымен БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ға шығып келеді.
ЛХР және ДХР өкілдері бұл құжаттарды өздері ұсына алмайды, себебі олар Еуропаға кірмейді. Алайда Еуропа басқа жағдайларда танылмаған мемлекеттерден келу мәселесін жақсы шешеді. Айталық, түрік Кипрінің азаматтары өз мемлекетінің төлқұжатымен қатар ЕО төлқұжатына ие – танылған Оңтүстік Кипрдің азаматтары ретінде кіреді. Міне, парадокс. Бірақ кипрлік түріктердің құқығына қысым жасалмайды, ал ЛХР және ДХР-дағы орыстар мен украиндардың құқығын шектейді.
Қазақстан үкіметінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Экономика
Үкімет Украинадағы жағдайға байланысты үш сценарий әзірледі
Осы уақыт ішінде топ іс жүзінде БҰҰ-ның және адам құқықтары жөніндегі кеңестің әрбір құқық қорғау іс-шарасына, адам құқықтары жөніндегі комитеттің, азаптауларға қарсы комитеттің, нәсілдік кемсітушілікке қарсы іс-қимыл комитетінің, экономикалық және әлеуметтік құқықтар жөніндегі комитеттің жұмысына қатысты, ЕҚЫҰ-ның демократия және адам құқықтары жөніндегі бюросымен өзара іс-қимыл жасады. Баяндама жасады, құжаттар әкелді.
Еуропалық ұйымдар қылмыстар туралы ақпаратты комитеттердің есебіне ресми түрде қосып, Украинадан адам құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындауды талап ете алады. Алайда біз білетіндей, Украинаға әсер етуге ешқандай әрекет жасалмады. Керісінше.
"Менің ойымша, біздің миссиямыз ішінара орындалды, кем дегенде біз халықаралық алаңдарда тек антиресейлік дауыс естілмейтіндей етіп жасай алдық, сондықтан бұл мәселелер кем дегенде талқыланады", - дейді Вилков.
Ұсынылған құжаттар Еуропаның бәрін білетіндігінің дәлелі болады. Донбастағы әскери қылмыстар мен геноцид қылмыстарына қатысты цинизм сонымен қатар еуропалық адам құқықтары соты ЛХР және ДХР азаматтарынан ұлттық сот төрелігінің мүмкіндіктері таусылмағанын ескеріп, ешқандай мәлімдеме қабылдамады. Іс жүзінде бұл мынаны білдіреді: жәбірленушіні азаптау, өлтіру, ату оларды жүзеге асыратын тарапқа шағымдануы керек. ЛХР және ДХР азматтары "сол жақта" сепаратистер ретінде қарастырылады, оларға кез келген әдісті қолдануға болады, деп жазды автор. Осындай шеңбер. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотта қауіп төніп тұрған елдің азаматтарынан өтініш қабылдау тәжірибесі бар. Алайда бұл тағы да ЛХР мен ДХР азаматтары үшін қолданылмайды. Бұл бір жайтты еске салады. 77 жыл бұрын Еуропада құқықтық алаңнан шығарылған халықтар болған. Оларға қалағаныңды істеуге болатын еді.
Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі елге жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі елге жеткізілді – видео
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, қазір адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа және геноцидтің нақты эпизодтары бойынша Халықаралық қылмыстық сотқа жүгіну үшін заңды түрде ресімделген өтініштер дайындалып жатыр. Донбастағы геноцид туралы бірқатар баяндамалар 14-15 қыркүйекте Венадағы ЕҚЫҰ-ның ең жақын іс-шарасында жарияланады және ұсынылмақ. Құқық қорғаушылар бұл жұмысты Ресейдің құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ ЛХР және ДХР-мен қатар жүргізеді.
Жұртшылық тергеу органдарымен бірлесіп әрекет ету тәжірибесі бар. Бұл төтенше мемлекеттік комиссияның, босатылған аумақтардағы нацистік қылмыстарды тергеу жұмысы туралы болып отыр. Комиссия 1942 жылдан бастап жұмыс істей бастады – болашақ процестер үшін дәлелдер жинап, ең қиын жұмыс кезеңінде жұмыс істеді.
Автордың пікірінше, төтенше мемлекеттік комиссияның жұмысы жеңістен бұрын, кімнің кім екені белгісіз болған кезде басталды. Бірақ соттың болатынына және материалдарды жинау керек деген сенім болды. Төтенше мемлекеттік комиссияның мүшелері ағартушылық, үгіт-насихат және тіпті уағыздау жұмыстарымен айналысты.
Төтенше мемлекеттік комиссияның тарихы нақты жазылмаған, мұны тарихшылар әлі зерттеуі керек. Бұл қылмыстың жазасыз қалмайтынына үйретеді. Және оның мерзімі жоқ. Осы сегіз жылдық геноцидтің бәрінде кінәлілер оларға ештеңе болмайды дегенге сенді.
Алайда объективтілік үшін біреу жазаланды. "Шахтар" (кейін "Донбасс" деп өзгертілді) және "Айдар" батальондарының басшылығы жазаланды. Себебі олардың қылмысы Amnesty International сияқты халықаралық құқық қорғау ұйымдарының назарына ілікті – Батыста олардың қылмыстары туралы ақпарат жарияланды. Олар түрмеге отырды.
Кеше Украинадан келген жаңалық: "соғыс кезінде елді қорғауға ниет білдірген бұрынғы әскери адамдар бас бостандығынан айыру орындары мен тергеу изоляторларынан шығарылады". Олардың қатарында геноцидке кінәлілер де бар. Атап айтқанда, Ресей армиясына қарсы соғыс қимылдарына қатысу туралы өтінішті Торнадо батальонының бұрынғы командирі Руслан Онищенко жазды. Оның қылмыстары туралы ақпарат кеңінен ұсынылған.
Украина мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина мен Ресей арасындағы келіссөз аяқталды
Қазір жағдай обылай: геноцид тақырыбы медиада өтірікке толды. Алайда қылмыскерлердің әдісі бірдей.
Нюрнбергте лагерьлерде және оккупацияланған территорияларда болған қылмыстар туралы фильмдер көрсетілді, оны Роман Кармен құрастырды. Сот залы таңғалды, ал Геринг: "орыстар не айтса да, не көрсетсе де, мен оларға сенбеймін. Олар қазір өздері жасаған зұлымдықтарды бізге ысыруға тырысып жатыр" деді.
Зеленский Гаагаға Ресейге қарсы сот ісін қозғап, болып жатқанды геноцид деп атады. Шындық үшін соғыс енді басталды. Бұл жерде Украинадағы геноцид қылмыстарын көп жыл бойы жауып келген ұжымдық еуропалық-америкалық халықаралық бюрократияның беделі тігіліп отыр. "Бізде одақтастар бар ма? Мүмкін басқа континенттерде бар", деп жазды ресейлік автор.
Жаңалықтар
0