Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Ресеймен келіссөзді Беларусьта жүргізуден бас тартты

© REUTERS / UKRAINIAN PRESIDENTIAL PRESS SERВладимир Зеленский
Владимир Зеленский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
РФ президентінің баспасөз хатшысы Ресей делегациясы украиналықтармен келіссөз жүргізу үшін Беларусьқа келгенін хабарлаған еді
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Беларусь Киев пен Мәскеудің келіссөз алаңы бола алмайды, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский Telegram каналында.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Гомельге Ресей делегациясының келгенін хабарлаған.
"Минсктен басқа қала деп отырмыз. Басқа қалалар кездесу алаңы бола алады. Әрине, біз бейбітшілікті қалаймыз, кездескіміз келеді, соғыстың аяқталғанын қалаймыз. Варшава, Братислава, Будапешт, Ыстанбұл, Баку - осы қалаларды Ресей тарапына ұсындық. Кез келген қалада кездесе аламыз. Аумағында зымыран ұшпайтын елде кездесе аламыз. Тек осылай ғана келіссөздер әділ өтеді және соғысты шынымен тоқтата алады", - деді Украина басшысы.
Айта кетері, бұған дейін РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей делегациясы украиналықтармен келіссөз жүргізу үшін Беларусьқа келгенін хабарлады.
Оның айтуынша, делегация құрамына сыртқы істер, қорғаныс министрліктері мен өзге ведомство өкілдері кірді.
Фуралар - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Әлем
Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушілері Украинадан шыға алмай жүр
Жаңалықтар
0