Әлем

Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушілері Украинадан шыға алмай жүр

© Sputnik / Владимир Корнев / Медиабанкке өтуФуралар
Фуралар - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
Олар жүк пен көлікті қалдырып, елден ұшақпен ұшып кете алмайды
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Украина аумағынан шыға алмай жүрген 50 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі орналасқан жері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, көбінің көлігіне жүк тиелген. Сондықтан олар жүк пен көлікті қалдырып, елден ұшақпен ұшып кете алмайды.
"25 ақпанда ұлттық кәсіпкерлеп палатасы сыртқы істер, сауда министрліктері мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өтініш жолдап, ресейлік, беларустық, украиндық, польшалық және өзге де тараптардан қазақстандық тасымалдаушылардың Украина аумағынан шығуы үшін "жасыл дәлізді" қамтамасыз ету мәселесін көтерді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Украинада қалып қойған көлік жүргізушілер туралы ақпарат жинастыру жүргізіліп жатыр.
"Біз жүргізушілер туралы мәліметтерді әлі де жинап жатырмыз. Мәліметтер жедел түрде ведомстволарға жолданады. Егер сіз немесе сіздің компанияңыздың жүргізушісі Украинадан шыға алмай қалса, жеке деректерді +7 778-870-1432 (call-орталық) нөміріне жіберуге болады", - деп хабарлады палатадағылар.
Жаңалықтар
0