Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада қалған қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілері көмек сұрады

© Sputnik / Владислав Водневжүк көлігі
жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Украина аумағы арқылы Беларусь немесе Польша шекарасына өз бетінше жету мүмкін емес екенін айтты
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандық алысқа қатынайтын жүргізуші Роман Бушуев Sputnik Қазақстан тілшісіне өзі және бірнеше әріптесінің Украина аумағында неге қалып қойғанын айтып берді.
Роман Украинаның шығыс бөлігінде орналасқан Днепр қаласында, қазір ол жерде он жүк көлігі тоқтап тұр. Ол жүк көлігі жүргізушісі болып екі жылдан бері жұмыс істейді, негізінен Украина аумағына жүк тасымалдаумен айналысады.
Роман 22 ақпаннан бастап жүк күтіп тұрғанын, сондықтан Украинадан шығып кете алмағанын айтты.
"Мен WhatsApp топта бір жерге жиналу үшін мекенжай жібердім. Әзірге Днепр қаласында тыныш, атып жатқан жоқ. Бастапқы күндері бірнеше рет бомбалады. Қазір салыстырмалы түрде тыныш. "Атамекен" өкілі тізім жасап, ел басшылығына дейін жетуге тырысып жатыр, бірақ олардың қайда хат жазатынын білмеймін. Олар "жасыл дәлізге" рұқсат алуға тырысып жатыр. Менің ойымша, әзірге "жасыл дәліз" ашу мүмкін емес, себебі әлі де атып жатыр. Харьков жақтан кейде мылтық даусы естіледі", - деді Роман Бушуев.
Оның айтуынша, Харьковта қазақстандық екі жүк көлігі тұр.
"Кеше кешке олардан бомбадан қорғану аймағына баруды сұрады, олар сол жерде түнгі 12-ге дейін отырды. Біздің жүргізуші өздерінен шамамен 20 шақырым жерде бомбалағанын айтты. Сағат 12-ден кейін бәрі тынышталып, олар көлікке ұйықтауға кеткен. Бүгін тыныш, дүкенге нан, азық-түлік алу үшін барғалы жатыр", - деді қазақстандық.
Роман Бушуев 26 ақпандағы жағдай бойынша "Атамекен" ҰКП тізімінде 50 жүргізуші туралы мәлімет болғанын атап өтті. Оның сөзінше, көлік жүргізушілері өздері туралы қазақстандық тараптың ақпарат жинауға тырысып жатқанын білмейтіндер болуы мүмкін.
"Біз "Атамекеннен" ресми жауап күтеміз, олар бізді шығара аламыз десе, күтеміз. Шығара алмаса, өз күшімізбен шығып көреміз. Бірақ бұл мүмкін емес. Беларусьқа ең жақын шекара – 850 шақырым, Польшаға шамамен 1000 шақырым. Қазір бүкіл Украина арқылы қауіпті аймақ арқылы жүру мүмкін емес. Күтеміз", - деді ол.
Бұған дейін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдарға қазақстандық жүк көліктерінің Украинадан қауіпсіз шығуын ұйымдастыру туралы өтінішпен жүгінді.
ҰКП Украинадан шыға алмайтындарға өзі туралы ақпаратты +7 778-870-1432 (ҰКП call-орталығы) нөміріне жіберуге шақырады.
Сондай-ақ "Атамекеннің" Украина аумағында және Беларусьпен, Ресеймен және басқа мемлекеттермен шекарада тұрып қалған көліктерінің тізімін жинау туралы ақпарат түрлі әлеуметтік желілерде жарияланды.
Sputnik Қазақстан егжей-тегжей ақпарат алу үшін "Атамекен" ҰКП-ға жүгінді.
Жаңалықтар
0