https://sputnik.kz/20220227/qazaqstan-80-azamat-polsham-23141678.html
Қазақстанның 80 азаматы Польшада эвакуациялық рейсті күтіп отыр- СІМ
Қазақстанның 80 азаматы Польшада эвакуациялық рейсті күтіп отыр- СІМ
Sputnik Қазақстан
ҚР Сыртқы істер министрлігі және еліміздің Украина, Польша, Молдова, Беларусь пен Ресейдегі дипломатиялық мекемелер қазақстандық азаматтарды Украинадан... 27.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-27T18:37+0500
2022-02-27T18:37+0500
2022-02-27T18:39+0500
сім
қазақстандықтар
украина
https://sputnik.kz/img/23/94/239499_0:274:5672:3465_1920x0_80_0_0_61fc2e5bbf031bfe8fb9ce8b376ae7d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Украина қалаларындағы қазақстандықтарға үндеу жасап, Киевтегі елшілікке хабарласуды және өзінің орналасқан жері туралы хабарлауды сұрап отыр.Министрліктің хабарлауынша, Украина мен Польшаның мемлекеттік органдарымен жасалған уағдаластық аясында Қазақстанның 80 азаматы үшін визасыз және ПТР тестілеусіз шекарадан өту қамтамасыз етілді және олар эвакуациялық рейсті күту үшін Катовице қаласында (Польша) орналастырылды.Бұған қоса 260 отандасымыз қазақстандық дипломаттармен бірге Украина-Польша шекарасында тұр және оны өту үшін өз кезегін күтіп отыр."Украинадағы ҚР азаматтарының өтініштері үшін Қазақстанның Киевтегі елшілігінде және ҚР СІМ-де "жедел желі" ашылғанын, бұл жұмысқа Днепр, Львов, Одесса мен Харьков қалаларындағы ҚР Құрметті консулдары жұмылдырылғанын еске саламыз. Киевтегі ҚР елшілігі күшейтілген режимде өз жұмысын жалғастыруда және бүгінде дипломаттардың көмегімен Қазақстанға оралғысы келетін тұлғалардан 631 өтінім тіркеді", - делінген хабарламада.Алғашқы репатриациялық рейс 27 ақпанда ҚР азаматтарының негізгі бөлігі Катовице қаласына келгеннен кейін ұшып шығады деп көзделіп отыр.Сонымен қатар министрлік "Атамекен" палатасымен бірлесіп, Украина аумағында қалған ауыр жүк тасушылардың жүргізушілері туралы ақпарат жинау бойынша қажетті жұмыс жүргізіп, олардың шығу жолдарын пысықтап жатыр.
https://sputnik.kz/20220227/ukraina-zhurgizushiler-komek-23136635.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/94/239499_344:0:5329:3739_1920x0_80_0_0_5f4f814082efca3a8f4d52b3745395a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сім, қазақстандықтар, украина
сім, қазақстандықтар, украина
Қазақстанның 80 азаматы Польшада эвакуациялық рейсті күтіп отыр- СІМ
18:37 27.02.2022 (жаңартылды: 18:39 27.02.2022) ҚР Сыртқы істер министрлігі және еліміздің Украина, Польша, Молдова, Беларусь пен Ресейдегі дипломатиялық мекемелер қазақстандық азаматтарды Украинадан қайтаруды ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Украина қалаларындағы қазақстандықтарға үндеу жасап, Киевтегі елшілікке хабарласуды және өзінің орналасқан жері туралы хабарлауды сұрап отыр.
"Мүмкіндік болған жағдайда Польша шекарасына дейін ұйымдасқан түрде жету үшін Львов немесе Киев қалаларына өз күшімен баруды ұсынамыз. Жол-көлік жағдайының күрделі болуына және Украинадағы әскери әрекеттердің жалғасуына байланысты бұл қиындық тудыру мүмкін. Мұндай жағдайда өздеріңіз орналасқан мекенде қалуды, ҚР елшілігімен және құрметті консулдықтармен үнемі байланыста болуды сұраймыз", - деп үндеу жасады сыртқы істер министрлігі.
Министрліктің хабарлауынша, Украина мен Польшаның мемлекеттік органдарымен жасалған уағдаластық аясында Қазақстанның 80 азаматы үшін визасыз және ПТР тестілеусіз шекарадан өту қамтамасыз етілді және олар эвакуациялық рейсті күту үшін Катовице қаласында (Польша) орналастырылды.
Бұған қоса 260 отандасымыз қазақстандық дипломаттармен бірге Украина-Польша шекарасында тұр және оны өту үшін өз кезегін күтіп отыр.
"Украинадағы ҚР азаматтарының өтініштері үшін Қазақстанның Киевтегі елшілігінде және ҚР СІМ-де "жедел желі" ашылғанын, бұл жұмысқа Днепр, Львов, Одесса мен Харьков қалаларындағы ҚР Құрметті консулдары жұмылдырылғанын еске саламыз. Киевтегі ҚР елшілігі күшейтілген режимде өз жұмысын жалғастыруда және бүгінде дипломаттардың көмегімен Қазақстанға оралғысы келетін тұлғалардан 631 өтінім тіркеді", - делінген хабарламада.
Алғашқы репатриациялық рейс 27 ақпанда ҚР азаматтарының негізгі бөлігі Катовице қаласына келгеннен кейін ұшып шығады деп көзделіп отыр.
Сонымен қатар министрлік "Атамекен" палатасымен бірлесіп, Украина аумағында қалған ауыр жүк тасушылардың жүргізушілері туралы ақпарат жинау бойынша қажетті жұмыс жүргізіп, олардың шығу жолдарын пысықтап жатыр.