Қазақстандық паралимпиадашылар Бейжіңге ұшып кетті

© Pixabay / Wil SerranoҰшақ, архивтегі фото
Ұшақ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Жазылу
Қазақстанның ұлттық паралимпиада құрамасының құрамына 5 спортшы кірді
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанның паралимпиада құрамасы қысқы ойындарға қатысу үшін Бейжіңге ұшып кетті. Олар 25 ақпанда кешкі рейспен жолға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бейжің – 2022 XIII қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылдың 4-13 наурыз аралығында өтеді, оған әлемнің 50 елінен 700-ден астам спортшы қатысады.
Ұлттық паралимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстанның ұлттық паралимпиада құрамасының құрамына 5 спортшы кірді. Олар: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко.
Қазақстанның паралимпиадашылары екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: пара шаңғы жарысы және пара биатлон.
Ойындардың ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де өтеді.
Пара шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов Қазақстан Паралимпиада құрамасының ту көтерушісі болып бекітілді.
Бейжің олимпиадасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Олимпиада - 2022: қазақстандық ту ұстаушылардың костюмі Лозанна музейіне қойылады
Жаңалықтар
0