Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Олимпиада - 2022: қазақстандық ту ұстаушылардың костюмі Лозанна музейіне қойылады

© REUTERS / ALEKSANDRA SZMIGIELБейжің олимпиадасы
Бейжің олимпиадасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Қысқы Олимпиадада ту ұстаушылардың киімінде негізгі ою ретінде "қошқар мүйіз" өрнегі қолданылды
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада қазақстандық ту ұстаушылардың костюмі спорт шарасының тарихындағы ең үздік киім үлгісі деп танылды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді.
"Ту ұстаушы костюмі Олимпиада ойындары тарихындағы ең үздік деп танылды. Сәуірде оны Олимпиада музейіне табыстаудың салтанатты шарасы өтеді. Лозанна музейіне келушілер біз жайлы білгенін қалаймыз", - деді Крюков.
© REUTERS / DAVID W CERNYҚысқы Олимпиада, Қазақстан құрамасы
Сборная Казахстана на открытии Олимпиады в Пекине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Қысқы Олимпиада, Қазақстан құрамасы
Еске салсақ, Қазақстан туын коньки тебуші Екатерина Айдова мен шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстады. Олар Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Сақ патшайымы Тұмар мен қазақ батырының бейнесіндегі тарихи үлгідегі киім киіп шықты. Қысқы Олимпиадада ту ұстаушылардың киімінде негізгі ою ретінде "қошқар мүйіз" өрнегі қолданылды.
Ою-өрнек элементтерін дайындау барысында дизайнерлер Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейімен бірлесіп жұмыс атқарды.
Ал 2020 жылы Токиода өткен жазғы Олимпиада кезінде ту ұстаушылардың костюмін дайындаған қазақстандық дизайнер-модельер Виолетта Иванова биылғы қысқы Олимпиададағы ту көтерушілердің де киімін әзірледі.
Абзал Әжіғалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Спорт
"Мойындауымыз керек": министрлік Әжіғалиевтің сынына жауап берді
Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиада музейі 1993 жылы ашылған.
Жаңалықтар
0