https://sputnik.kz/20220225/nazarbaevanyn-okilettigi-toqtatu-23103584.html
Назарбаева өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ОСК-ға өтініш берді
Назарбаева өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ОСК-ға өтініш берді
Sputnik Қазақстан
Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T14:24+0500
2022-02-25T14:24+0500
2022-02-25T14:47+0500
қоғам
дариға назарбаева
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0e/16032900_2:0:2971:1670_1920x0_80_0_0_6fcf685aafa77696ac157d829b794db3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс мәжіліске енгізілді. Тиісті қаулы Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды. "Конституциясының 52-бабына, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы қаулы шығарды", - делінген ОСК ақпаратында.Қаулы мәтіні:Еске сала кетсек, бүгін Дариға Назарбаева мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол өз үндеуінде толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғарғанын айтты.Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.Айтуынша, қайғылы қаңтар оқиғасы бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміз гүлденіп, одан әрі дамымайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия.Назарбаева барша қазақстандықты "қаралы қаңтардан" сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбас үшін барлық күш-жігерді салуға үндеді.Еске салсақ, Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.
https://sputnik.kz/20220225/dariga-nazarbaeva-mazhilisten-ketetinin-malimdedi-23077463.html
https://sputnik.kz/20210202/Aydos-Sarym-parlament-16189700.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0e/16032900_373:0:2600:1670_1920x0_80_0_0_a896c00a52b8755d98dc326cbcd1e4ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дариға дарига назарбаева оск цик полномочия депутат өкілеттік мәжіліс мажилис парламент
дариға дарига назарбаева оск цик полномочия депутат өкілеттік мәжіліс мажилис парламент
Назарбаева өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ОСК-ға өтініш берді
14:24 25.02.2022 (жаңартылды: 14:47 25.02.2022) Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс мәжіліске енгізілді. Тиісті қаулы Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.
"Конституциясының 52-бабына, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы қаулы шығарды", - делінген ОСК ақпаратында.
1.
Өтініштің берілуіне байланысты мәжіліс депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз бар;
2.
Мәжіліс депутаты Д. Н.Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Мәжіліске енгізілсін.
Еске сала кетсек, бүгін Дариға Назарбаева мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол өз үндеуінде толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғарғанын айтты.
Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.
Айтуынша, қайғылы қаңтар оқиғасы бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміз гүлденіп, одан әрі дамымайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия.
Назарбаева барша қазақстандықты "қаралы қаңтардан" сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбас үшін барлық күш-жігерді салуға үндеді.
Еске салсақ, Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.