https://sputnik.kz/20220225/dariga-nazarbaeva-mazhilisten-ketetinin-malimdedi-23077463.html
Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді
Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Назарбаева Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады
2022-02-25T07:55+0500
2022-02-25T07:55+0500
2022-05-23T14:30+0500
дариға назарбаева
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1255/26/12552601_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_e33b75d51246378236a55fb76a0fd664.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Дариға Назарбаева парламент мәжілісінен кетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.Айтуынша, қайғылы қаңтар оқиғасы бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміз гүлденіп, одан әрі дамымайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия."Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек", - деді ол.Назарбаева барша қазақстандықты "қаралы қаңтардан" сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбас үшін барлық күш-жігерді салуға үндеді."Зұлымдық пен қорқынышқа толы күндер анархияның неге әкеп соғатынын көрсетті. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек. Мен өз еліме және оның мүддесі үшін одан әрі қызмет ете беремін. Бұл үшін лауазым қажет емес", - деп түйіндеді сөзін Назарбаева.Еске салсақ, Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.
https://sputnik.kz/20220210/dariga-nazarbaeva-otstavka-22676302.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/26/12552601_187:0:2918:2048_1920x0_80_0_0_81de20590011c9e47196987e0e2c6791.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дариға назарбаева дарига назарбаева мәжіліс мажилис депутат парламент өкілеттік саясат
дариға назарбаева дарига назарбаева мәжіліс мажилис депутат парламент өкілеттік саясат
Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді
07:55 25.02.2022 (жаңартылды: 14:30 23.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Дариға Назарбаева парламент мәжілісінен кетеді, деп хабарлайды
Zakon.kz. "Бүгін Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым және толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғардым", - деді Дариға Назарбаева өз үндеуінде.
Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.
Айтуынша, қайғылы қаңтар оқиғасы бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміз гүлденіп, одан әрі дамымайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия.
"Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек", - деді ол.
Назарбаева барша қазақстандықты "қаралы қаңтардан" сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбас үшін барлық күш-жігерді салуға үндеді.
"Зұлымдық пен қорқынышқа толы күндер анархияның неге әкеп соғатынын көрсетті. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек. Мен өз еліме және оның мүддесі үшін одан әрі қызмет ете беремін. Бұл үшін лауазым қажет емес", - деп түйіндеді сөзін Назарбаева.
Еске салсақ, Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.