https://sputnik.kz/20220225/ishki-ister-ministri-erlan-turgymbaev-23020424.html
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Президенттің жарлығымен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T11:57+0500
2022-02-25T11:57+0500
2022-02-25T12:00+0500
қоғам
ерлан тұрғымбаев
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/1037/33/10373329_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4ec4b8dc694cc75d70fa4dbcf6041e48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Президенттің жарлығымен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев осы қызметке 2019 жылы ақпан айында тағайындалды. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.Полицейлерге ала таяқ қайтардыТұрғымбаев тура үш жыл ішкі істер министрлігіне жетекшілік етті. Осы қызметке келгенннен кейін полицейлердің ала таяғын қайтарды. Полиция жұмысын сервистік моделіне көшіруге басымдық беріп, "жұртқа жақын полиция" қағидатын енгізуге тырысты.Коронавирус пандемиясы басталғанда ішкі істер органдары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Блок-бекеттерде қызмет атқарды. Шорнақ, Сәтбаев пен Қордайдағы тәртіпсіздіктер кезінде полицияға оңай болған жоқ. Алматы мен Нұр-Сұтандағы митингілер де маза бермеді. Ал биыл қаңтар оқиғалары кезінде мыңдаған полицей зардап шекті. Қайтыс болғандар да бар. Ауруханада емделіп жүрген тәртіп сақшылары енді сапқа тұра алмайды. Себебі мүгедек болып қалған.Қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталғандарды азаптауға қатысты арыз-шағымдар да көбейді. Президент Тоқаев экс-министрге ескерту жасады.Жалақы өседіТұрғымбаевтың кезінде ішкі істер органдарын реформалау шаралары таныстырылды. Соның аясында полицейлердің жалақысын 2023 жылға дейін 50 проценттен 90-ға дейін өсіру жоспарланған. Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант еңбекақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады.Полицейлердің жаңа формасы бекітілді. Учаскелік инспекторлардың мәртебесі көтерілді. Үш жыл ішінде олардың жалақысы өседі. Баспанамен қамту мәселесі де осы уақытта кезең-кезеңмен шешіледі.Офицерлердің зейнет жасы ұзартыла маБылтыр экс-министр Тұрғымбаев офицерлерді зейнетке шығару жасы ұзартылатынын мәлімдеген. Оның айтуынша, арнайы жұмыс тобы құрылып, осы мәселені жан-жақты зерделеуге кірісті."Мысалы, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастан зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі. Подполковниктерге – 55 жастан, полковниктерге – 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр", - деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында.Оның сөзіне қарағанда, қазір тәжірибелі офицерлер зейнетке ерте шығады да, жеке меншік күзет компанияларда жұмыс істейді. Ал Германия, Канада, АҚШ пен Жапония сияқты елдерде құқық қорғаушылар 65 жаста зейнетке шығады.Жүргізуші куәлігін ұстамайтын болдықБүгінде ішкі істер министрлігі тарапынан халыққа электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің деңгейі 95 процентке жетті. Соның ішінде көлік құралдарын рәсімдеу қызметіне сұраныс көп. Қазіргі кезде көлікті банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімдеп, тіркеуге қоюға мүмкіндік бар.Былтыр ақпан айынан бастап жүргізуші куәлігін ұстап жүру міндетін алып тастады. Жеке куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Полицейлер барлық мәліметті планшет арқылы тексере салады.Цифрлық технологияларды енгізу шаралары да атқарылды. Мәселен, қалаларда тәулік бойғы кезекшілік үшін 110 модульді полиция бекеті мен "дабыл түймелері" орнатылды. "Police 102" қосымшасы іске қосылды.Экс-министр қаржыландырудың болмауына байланысты дактилоскопиялық тіркеуді енгізе алмады. Осы бастама 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді.
https://sputnik.kz/20220101/qazaqstan-politseyler-forma-18895160.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1037/33/10373329_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fc28b9e550507ff6bdcb152e56ab1e1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан тұрғымбаев, ішкі істер министрлігі
ерлан тұрғымбаев, ішкі істер министрлігі
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Президенттің жарлығымен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев осы қызметке 2019 жылы ақпан айында тағайындалды. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.
Полицейлерге ала таяқ қайтарды
Тұрғымбаев тура үш жыл ішкі істер министрлігіне жетекшілік етті. Осы қызметке келгенннен кейін полицейлердің ала таяғын қайтарды. Полиция жұмысын сервистік моделіне көшіруге басымдық беріп, "жұртқа жақын полиция" қағидатын енгізуге тырысты.
Коронавирус пандемиясы басталғанда ішкі істер органдары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Блок-бекеттерде қызмет атқарды.
Шорнақ, Сәтбаев пен Қордайдағы тәртіпсіздіктер кезінде полицияға оңай болған жоқ. Алматы мен Нұр-Сұтандағы митингілер де маза бермеді. Ал биыл қаңтар оқиғалары кезінде мыңдаған полицей зардап шекті. Қайтыс болғандар да бар. Ауруханада емделіп жүрген тәртіп сақшылары енді сапқа тұра алмайды. Себебі мүгедек болып қалған.
Қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталғандарды азаптауға қатысты арыз-шағымдар да көбейді. Президент Тоқаев экс-министрге ескерту жасады.
Тұрғымбаевтың кезінде ішкі істер органдарын реформалау шаралары таныстырылды. Соның аясында полицейлердің жалақысын 2023 жылға дейін 50 проценттен 90-ға дейін өсіру жоспарланған. Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант еңбекақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады.
Полицейлердің жаңа формасы бекітілді. Учаскелік инспекторлардың мәртебесі көтерілді. Үш жыл ішінде олардың жалақысы өседі. Баспанамен қамту мәселесі де осы уақытта кезең-кезеңмен шешіледі.
Офицерлердің зейнет жасы ұзартыла ма
Былтыр экс-министр Тұрғымбаев офицерлерді зейнетке шығару жасы ұзартылатынын мәлімдеген. Оның айтуынша, арнайы жұмыс тобы құрылып, осы мәселені жан-жақты зерделеуге кірісті.
"Мысалы, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастан зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі. Подполковниктерге – 55 жастан, полковниктерге – 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр", - деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, қазір тәжірибелі офицерлер зейнетке ерте шығады да, жеке меншік күзет компанияларда жұмыс істейді. Ал Германия, Канада, АҚШ пен Жапония сияқты елдерде құқық қорғаушылар 65 жаста зейнетке шығады.
Жүргізуші куәлігін ұстамайтын болдық
Бүгінде ішкі істер министрлігі тарапынан халыққа электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің деңгейі 95 процентке жетті. Соның ішінде көлік құралдарын рәсімдеу қызметіне сұраныс көп. Қазіргі кезде көлікті банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімдеп, тіркеуге қоюға мүмкіндік бар.
Былтыр ақпан айынан бастап жүргізуші куәлігін ұстап жүру міндетін алып тастады. Жеке куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Полицейлер барлық мәліметті планшет арқылы тексере салады.
Цифрлық технологияларды енгізу шаралары да атқарылды. Мәселен, қалаларда тәулік бойғы кезекшілік үшін 110 модульді полиция бекеті мен "дабыл түймелері" орнатылды. "Police 102" қосымшасы іске қосылды.
Экс-министр қаржыландырудың болмауына байланысты дактилоскопиялық тіркеуді енгізе алмады. Осы бастама 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді.