Қоғам

Қазақстандық полицейлер жаңа форма киеді

© Photo : polisia.kzПолицейлердің жаңа формасы
Полицейлердің жаңа формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2022
Жазылу
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жаңа формаға біртіндеп көшеді
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстан полицейлері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қызметтік форма киеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа форманы, ең алдымен, патрульдік полиция жасағы мен инспекторлар алады. Қызметтік киімді "Еңбек" РМК тігіп жатыр.
"Біріншіден, бұл жұмыспен қамту, екіншіден, өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Әрине, олар бәрін бір күнде тігіп бітіре алмайды, сол себепті біз конкурс құжаттамасын, мемлекеттік сатып алуды ескеріп, форма 2022 жылдың 1 қаңтарында дайын болады деп болжап отырмыз", - деп мәлімдеді бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
ІІМ екі жыл ішінде бүкіл полицейге жаңа форма кигізуді жоспарлап отыр.
Айта кетері, тәртіп сақшылардың жаңа формасына бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жоқ.

Полицияның жаңа формасы қандай

Жаңа форма барынша ыңғайлы, оны дайындау барысында əртүрлі климаттық жағдай ескерілген.
Учаскелік полиция инспекторлары үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. Енді халық оларды бірден тани алады.
© Photo : polisia.kzПолиция формасы
Полицейская форма - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Полиция формасы
Жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілерінің бәрінде "POLISIA" жарық шағылыстырғыш жазуы бар.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері кроссовка киеді. Ал металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды.
© Photo : polisia.kzПолицейлер киетін кроссовка
Кроссовки, новая полицейская форма - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Полицейлер киетін кроссовка
Полиция басқармалары аппаратында істейтін әйелдерге жазда киетін қосымша көйлек беріледі.
Күнделікті және салтанатты фуражкалар көлемі кішірейтілді, филиграндық бау ұлттық ою-өрнекпен тігілген. Шығындарды оңтайландыру мақсатында полиция полковниктері үшін қаракөл алынып тасталды.
© Photo : polisia.kzПатрульдік полицей формасы
Нашивка, форма патрульного полицейского - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Патрульдік полицей формасы
Жалпы жаңа үлгідегі форма патрульдік полиция,  сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдары басқару аппараттарына арналып тігілген.
Қазақстандық полицияның жаңа формасы жайлы үш-төрт жылдан бері айтылып келеді.

Учаскелік полицейлердің жалақысы өседі

2022 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ке артады. Ал олардың көмекшілерінің айлығы 7%-ке көтеріледі. 2021 жылы көмекшілердің еңбекақысы 30 процентке ұлғайған болатын.
Жалпы ішкі істер министрлігі 2023 жылға дейін полицейлердің жалақысын 90%-ке дейін өсіруді жоспарлап отыр. Өйткені құқық қорғау органдары арасында полицейлердің жалақысы өте төмен. Сондықтан президенттің тапсырмасымен 2019 жылдан бастап жалақы кезең-кезеңме көтерілуде.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық полицейлердің жалақысы 90%-ке дейін өседі
"2023 жылға дейін 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделген.  Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант – 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады", - деген болатын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Жаңалықтар
0