https://sputnik.kz/20220225/gaz-quyu-stansalary-23099467.html
Батыстағы митинг: газ құю стансаларының иелері чатта бағаны түсірмейміз деп келіскен
Батыстағы митинг: газ құю стансаларының иелері чатта бағаны түсірмейміз деп келіскен
Sputnik Қазақстан
17 субъектінің 19,5 миллион теңге монополиялық кірісі тәркіленеді 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T13:03+0500
2022-02-25T13:03+0500
2023-08-09T16:44+0500
өңірлер
газ
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысында газ құю стансаларының қожайындары желтоқсан айында өзара келісіп, газ бағасын екі есе өсіріп жібергені анықталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Маңғыстау облысы департаментінің басшысы Бауыржан Есенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ол монополияға қарсы департамент сұйытылған мұнай газ нарығындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер (картель) бойынша нақты жұмыс атқарғанын айтты. Атап айтқанда, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 19 нарық субъектісіне тергеу жүргізілген."Аталған газ желісі ұйымдары мен автогаз құю станциялары 2021 жылғы желтоқсан айының соңында бір мезетте газ бағасын көтеріп жіберген. Тіпті, жедел мәліметтерге сүйенсек, автогаз құю стансаларының иелері өздерінің ватсап чаттарын ашып, "бағаны 115-120 теңгеден төмен сатпаймыз" деп келіскен", - деді Есенов агенттіктің алқа отырысында.Нәтижесінде, оның айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159 бабы 1-тармағы бойынша 17 нарық субъектісіне қатысты барлығы 19,5 миллион теңге монополиялық кірісі тәркілене отырып, 1 миллион теңгеден асатын айыппұлды көздейтін хаттамалар толтырылды.Істер қарау үшін сотқа жолданды.Еске салсақ, қаңтар айының басында елдің батысында бейбіт митингтер өтті. Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шығып, автогаз бағасын литріне 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, халықтың талабын орындады.Көп ұзамай үкімет көлікке арналған сұйытылған мұнай газының 180 күнге арналған шекті бағасын бекітті.Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында газ бағасы литріне 50 теңгеден (шалғай аудандарда (200 шақырымнан астам) – 55 теңге) сатылатын болды.
https://sputnik.kz/20220106/onir-gaz-litr-tenge-19071565.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, маңғыстау облысы
Батыстағы митинг: газ құю стансаларының иелері чатта бағаны түсірмейміз деп келіскен
13:03 25.02.2022 (жаңартылды: 16:44 09.08.2023) 17 субъектінің 19,5 миллион теңге монополиялық кірісі тәркіленеді
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысында газ құю стансаларының қожайындары желтоқсан айында өзара келісіп, газ бағасын екі есе өсіріп жібергені анықталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Маңғыстау облысы департаментінің басшысы Бауыржан Есенов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ол монополияға қарсы департамент сұйытылған мұнай газ нарығындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер (картель) бойынша нақты жұмыс атқарғанын айтты. Атап айтқанда, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 19 нарық субъектісіне тергеу жүргізілген.
"Аталған газ желісі ұйымдары мен автогаз құю станциялары 2021 жылғы желтоқсан айының соңында бір мезетте газ бағасын көтеріп жіберген. Тіпті, жедел мәліметтерге сүйенсек, автогаз құю стансаларының иелері өздерінің ватсап чаттарын ашып, "бағаны 115-120 теңгеден төмен сатпаймыз" деп келіскен", - деді Есенов агенттіктің алқа отырысында.
Нәтижесінде, оның айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159 бабы 1-тармағы бойынша 17 нарық субъектісіне қатысты барлығы 19,5 миллион теңге монополиялық кірісі тәркілене отырып, 1 миллион теңгеден асатын айыппұлды көздейтін хаттамалар толтырылды.
Істер қарау үшін сотқа жолданды.
Еске салсақ, қаңтар айының басында елдің батысында бейбіт митингтер өтті. Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шығып, автогаз бағасын литріне 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, халықтың талабын орындады.
Көп ұзамай үкімет көлікке арналған сұйытылған мұнай газының 180 күнге арналған шекті бағасын бекітті.
Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында газ бағасы литріне 50 теңгеден (шалғай аудандарда (200 шақырымнан астам) – 55 теңге) сатылатын болды.