Экономика

Үш өңірде газ литріне 50 теңгеден сатылады – үкімет

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуГазозаправочная станция, архивное фото
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысына дайындық жұмыстары жеделдетілді
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар - Sputnik. Үкімет көлікке арналған сұйытылған мұнай газының 180 күнге арналған шекті бағасын бекітті.
  • Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында газ бағасы литріне 50 теңге (шалғай аудандарда (200 шақырымнан астам) – 55 теңге);
  • Шымкент, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында – литріне 60 теңге (шалғай аудандарда 65 теңге).
  • Алматыда бағасы литріне 65 теңге;
  • Нұр-Сұлтан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 70 теңге (шалғай аудандарда 75 теңге).
Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысына дайындық жұмыстары жеделдетілді.
Еске сала кетері,  газ бағасының екі есе – 120 теңгеге дейін қымбаттауына байланысты Қазақстанның батысында наразылық акциялары басталған болатын.
Кейін митингілер өзге өңірлерде де жалғасты. Алматыдағы наразылықтар тәртіпсіздікке айналды. Елде төтенше жағдай жарияланды.
Жаңалықтар
0