Саясат

Тұрғымбаев президент кеңесшісі болды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Жазылу
Президенттің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Ерлан Тұрғымбаев президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын.
Ол осы қызметті 2019 жылдың ақпанынан бері атқарған еді. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.
Тұрғымбаевтың орнына Марат Ахметжанов келді.
© СЦКЖаңа ішкі істер министрі Марат Ахметжанов
зампредседателя Агентства финполиции Марат Ахметжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Жаңа ішкі істер министрі Марат Ахметжанов
Еске сала кетсек, бүгін президент бірқатар ауыс-түйіс жасады. Мемлекет басшысы Әсет Исекешевті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатып, өзінің көмекшісі етіп тағайындады.
Исекешевтің орнына осы күнге дейін Қазақстанның бас прокуроры қызметін атқарған Ғизат Нұрдәулетов келді. Бұған қоса, ол да президент көмекшісі болады.
Президент әкімшілігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде де жаңа тағайындаулар жүргізілді.
Мемлекет басшысының өкімімен Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына Болат Тілепов тағайындалды.
Сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін Нұрлан Әбдірахманов атқаратын болды.
Ерлан Тұрғымбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Қоғам
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Жаңалықтар
0