https://sputnik.kz/20220224/qazaqstan-qor-birzhasy-23061434.html
Қазақстанның қор биржасы бүгінгі ақаулықтың себебін түсіндірді
Қазақстанның қор биржасы бүгінгі ақаулықтың себебін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстан қор биржасы таңертеңгі сауда-саттық не себепті кейінге шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T14:58+0500
2022-02-24T14:58+0500
2022-02-24T15:00+0500
экономика
нарық
https://sputnik.kz/img/1302/83/13028375_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_22dc84d152030cd84154fa66a2bb5f5c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстан қор биржасы таңертеңгі сауда-саттық не себепті кейінге шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевскаяның айтуынша, қор биржасында құнды қағаздардың сауда-саттығы өтеді. Ал шетелдік валюта бөлек сауда жүйесінде саудаланып тұрады. Ол жүйе штаттық режимде қосылды. Қазір де солай істеп жатыр.Оның айтуынша, қор биржасындағы құнды қағаздар саудасы 11:30-да басталады. Бірақ бүгін техникалық ақаулыққа байланысты оны 14:00-ге ауыстыруға тура келді. Сол кезде құнды қағаздар саудасы сәтті іске қосылды. Ал валюталық сауда-саттық штаттық режимде жұмыс істеген."Түсінікті болу үшін тағы қайталап айтайын, шетелдік валютамен жасалған барлық сауда-саттық уақытында басталды және штаттық режимде өтті. Ешқандай шектеулер болған жоқ. Ал ақалаулық бөлек жүйеде болған", - деп атап көрсетті Хорошевская.
https://sputnik.kz/20220224/ukimet-azamattar-depozit-23059796.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1302/83/13028375_184:0:2915:2048_1920x0_80_0_0_8ef6b92794612c1c9f17c84892ce0006.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нарық
Қазақстанның қор биржасы бүгінгі ақаулықтың себебін түсіндірді
14:58 24.02.2022 (жаңартылды: 15:00 24.02.2022) НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстан қор биржасы таңертеңгі сауда-саттық не себепті кейінге шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевскаяның айтуынша, қор биржасында құнды қағаздардың сауда-саттығы өтеді. Ал шетелдік валюта бөлек сауда жүйесінде саудаланып тұрады. Ол жүйе штаттық режимде қосылды. Қазір де солай істеп жатыр.
"Қор биржасында бүгін техникалық ақаулық болды. Сол жерде құнды қағаздар да саудаланады. Сондай-ақ, РЕПО операциялар жасалады. Таңертең осы сауда жүйесінен шыққан ақаулықты ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары бірнеше сағаттың ішінде түзетті. Қазір қор биржасы әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Барлық құнды қағаздың саудасы мен РЕПО операциялар ашылды", - деді Хорошевская арнайы онлайн брифинге.
Оның айтуынша, қор биржасындағы құнды қағаздар саудасы 11:30-да басталады. Бірақ бүгін техникалық ақаулыққа байланысты оны 14:00-ге ауыстыруға тура келді. Сол кезде құнды қағаздар саудасы сәтті іске қосылды. Ал валюталық сауда-саттық штаттық режимде жұмыс істеген.
"Түсінікті болу үшін тағы қайталап айтайын, шетелдік валютамен жасалған барлық сауда-саттық уақытында басталды және штаттық режимде өтті. Ешқандай шектеулер болған жоқ. Ал ақалаулық бөлек жүйеде болған", - деп атап көрсетті Хорошевская.