https://sputnik.kz/20220224/ukimet-azamattar-depozit-23059796.html
Теңгемен депозит ашқан қазақстандықтарға өтемақы төленеді
Теңгемен депозит ашқан қазақстандықтарға өтемақы төленеді
Sputnik Қазақстан
Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы жеке тұлғалардың депозиттеріне бюджет қаражаты есебінен өтемақы (сыйлықақы) төлеуді қарастырады. Өтемақыға жеке табыс... 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T14:23+0500
2022-02-24T14:23+0500
2022-02-24T15:27+0500
депозит
теңге
өтемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744234_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6191bde229906ff6e34663640f5503f7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Бейсенбіде теңгенің күрт құнсыздануына байланысты теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасы жүзеге асырылады.Теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Қазақстан Ұлттық банкі үкіметпен бірлесіп бюджет қаражатының есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады , деп хабарлады primeminister.kz.Бағдарламаға 2022 жылдың 23 ақпанының соңындағы жағдай бойынша салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы – бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және "Отбасы банк" акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды. Екінші деңгейлі банктегі салым мерзімінің соңына дейін, бірақ тетік енгізілген сәттен бастап кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 24 ақпанға дейін салымды сақтау сыйлықақыны есептеу үшін міндетті талап болып саналады. Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейінгі кезеңде аяқталса, депозит бағдарламаның аяқталу мерзіміне дейін ұзартылуға тиіс. Салымды ішінара алу кезінде өтемақыны (сыйлықақыны) төлеу жоғарыда көрсетілген лимиттерді ескере отырып, ақша алынғаннан кейін салым қалдығының сомасына жүзеге асырылады. Жуырда Үкімет пен Ұлттық банктің тиісті актілері қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін салымшылар салым орналасқан екінші деңгейлі банкке барып өтініш беруі қажет.
https://sputnik.kz/20220224/tenge-quldyray-ekonomist-bolzham-23058586.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744234_487:0:2736:1687_1920x0_80_0_0_786ad5a49225301011f5eb053c9ed207.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депозит өтемақы компенсация доллар бағамы
депозит өтемақы компенсация доллар бағамы
Теңгемен депозит ашқан қазақстандықтарға өтемақы төленеді
14:23 24.02.2022 (жаңартылды: 15:27 24.02.2022) Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы жеке тұлғалардың депозиттеріне бюджет қаражаты есебінен өтемақы (сыйлықақы) төлеуді қарастырады. Өтемақыға жеке табыс салығы салынбайды
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Бейсенбіде теңгенің күрт құнсыздануына байланысты теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасы жүзеге асырылады.
Теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Қазақстан Ұлттық банкі үкіметпен бірлесіп бюджет қаражатының есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады , деп хабарлады
primeminister.kz.Бағдарламаға 2022 жылдың 23 ақпанының соңындағы жағдай бойынша салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы – бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және "Отбасы банк" акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.
Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.
"10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) әрбір банкте 1 адамға 2022 жылғы 23 ақпан күнінің соңындағы қалдықтар шегіндегі жалпы сомада, бірақ бағдарламаны іске асыру басталған кезден бастап 12 айдан кейін 20 миллион теңгеден аспайтын сомадағы (салымның нақты сомасы 20 миллион теңгеден аспайтын болса, сол сомадан астам емес) көрсетілген салымдарға 1 рет есептеледі. Өтемақыға (сыйлықақыға) жеке табыс салығы салынбайды", - делінген хабарламада.
Екінші деңгейлі банктегі салым мерзімінің соңына дейін, бірақ тетік енгізілген сәттен бастап кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 24 ақпанға дейін салымды сақтау сыйлықақыны есептеу үшін міндетті талап болып саналады.
Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейінгі кезеңде аяқталса, депозит бағдарламаның аяқталу мерзіміне дейін ұзартылуға тиіс. Салымды ішінара алу кезінде өтемақыны (сыйлықақыны) төлеу жоғарыда көрсетілген лимиттерді ескере отырып, ақша алынғаннан кейін салым қалдығының сомасына жүзеге асырылады.
Жуырда Үкімет пен Ұлттық банктің тиісті актілері қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін салымшылар салым орналасқан екінші деңгейлі банкке барып өтініш беруі қажет.