https://sputnik.kz/20220224/qantar-bulik-politsey-video-23049106.html
"Терезеден секіріп шықтым": бүлік кезінде екі рет оқ тиген полицейдің әңгімесі
"Терезеден секіріп шықтым": бүлік кезінде екі рет оқ тиген полицейдің әңгімесі
Sputnik Қазақстан
Алматыда ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қаңтардағы бүлік кезінде әкімшілік ғимараттарды қорғауға қатысқан. Соның бірі – Аслан... 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T10:30+0500
2022-02-24T10:30+0500
2022-05-23T15:07+0500
полицей
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23048113_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3f8eac1e4d8aa4b21886a39a4981ca7f.jpg
Алматыда ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қаңтардағы бүлік кезінде әкімшілік ғимараттарды қорғауға қатысқан. Соның бірі – Аслан Құнанбаев. Полицейге жаппай тәртіпсіздік кезінде екі оқ тиген, қазір ол балдақ сүйеніп жүреді. Бірінші оқтан оқсауыттың арқасында аман қалған. Екінші оқ аяғын жарақаттаған, оған екі операция жасалды.Полицей 4-5 қаңтарда қала әкімдігі ғимаратында болған. Жағдай 5 қаңтарда түстен кейін ушыққан. Адам қарасы көбейіп, жиналғандар қала әкімдігі ғимаратына шабуыл жасаған.Аслан 10 жылға жуық ішкі істер органдарындағы қызметінде бұрын-соңды өздеріне деген мұндай ашу-ызаны көрмегенін айтады."Тоқтаңдар" деген сөзді тыңдамады. Ашу-ызасын ішкі істер органдары қызметкерлеріне көрсетті. Арамызда әскерилер, курсанттар болды, олар да зардап шекті. Негізгі агрессия бізге бағытталды", - дейді ол.Әкімдік ғимаратының ішінде өрт шыққан сәтте сыртқа шығуға жол іздеген. Алайда түтін басқан ғимараттан тек терезеден секіріп аман қалу мүмкін еді. Аслан Құнанбаев терезеден секіріп шыққан, алайда оған бірден оқ атқан. Кеуде тұсына тиген оқтан үстіндегі оқсауыты қорғап қалды. Алайда тағы бір бұрылғанында екінші оқ аяғына тиіп, құлаған.Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.
https://sputnik.kz/20220223/almaty-bulik-politseyler-video-23029250.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23048113_263:0:1703:1080_1920x0_80_0_0_79565f922ba3435b1d29144ad77bf94b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицей
"Терезеден секіріп шықтым": бүлік кезінде екі рет оқ тиген полицейдің әңгімесі
10:30 24.02.2022 (жаңартылды: 15:07 23.05.2022) Алматыда ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қаңтардағы бүлік кезінде әкімшілік ғимараттарды қорғауға қатысқан. Соның бірі – Аслан Құнанбаев. Полицейге жаппай тәртіпсіздік кезінде екі оқ тиген, қазір ол балдақ сүйеніп жүреді. Бірінші оқтан оқсауыттың арқасында аман қалған. Екінші оқ аяғын жарақаттаған, оған екі операция жасалды.
Полицей 4-5 қаңтарда қала әкімдігі ғимаратында болған. Жағдай 5 қаңтарда түстен кейін ушыққан. Адам қарасы көбейіп, жиналғандар қала әкімдігі ғимаратына шабуыл жасаған.
"Әкімшілік ғимараттың кіреберіс жағында тұрдық. Бүлікшілердің қолында арматура, қолдан жасалған темірлер болды. Ол темірлерді қайдан жұлып алғанын білмеймін. Жан-жақтан есік-терезені сындырып кірді. Ішке кірген соң жан-жақтан ұра бастады. Бір қызметкерге 15-20 адам жабылды. Бізбен мүлде сөйлескен жоқ", - дейді Аслан Құнанбаев.
Аслан 10 жылға жуық ішкі істер органдарындағы қызметінде бұрын-соңды өздеріне деген мұндай ашу-ызаны көрмегенін айтады.
"Тоқтаңдар" деген сөзді тыңдамады. Ашу-ызасын ішкі істер органдары қызметкерлеріне көрсетті. Арамызда әскерилер, курсанттар болды, олар да зардап шекті. Негізгі агрессия бізге бағытталды", - дейді ол.
Әкімдік ғимаратының ішінде өрт шыққан сәтте сыртқа шығуға жол іздеген. Алайда түтін басқан ғимараттан тек терезеден секіріп аман қалу мүмкін еді. Аслан Құнанбаев терезеден секіріп шыққан, алайда оған бірден оқ атқан. Кеуде тұсына тиген оқтан үстіндегі оқсауыты қорғап қалды. Алайда тағы бір бұрылғанында екінші оқ аяғына тиіп, құлаған.
Толығырақ
Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.