Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыдағы бүлік: полицейлер бірін-бірі қалай құтқарды– видео

Жазылу
Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальонының взвод командирінің көмекшісі Бекмырза Мұхаметов Sputnik Қазақстан тілшісімен кездесіп, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қалай аман қалғандарын айтып берді.
Полиция аға сержанты Мұхаметовтің айтуынша, олар қалалық әкімдік ғимаратын қорғауға қатысты, алайда бүлікшілер санының көп болуына байланысты бас сауғалауға тура келді.
"5 қаңтарда шамамен түс кезінде Тәуелсіздік монументі жанында адамдар жинала бастады. Бастапқыда алаңға келгендердің қолында ештеңе болған жоқ. Желтоқсан, Назарбаев көшесі жақтан келді. Біраз уақыттан кейін монумент артындағы көшеде топтасқан адамдар кенеттен көбейді. Олардың қолында полиция қызметкерлерінің қалқаны, темір болды, кейбірі оқсауыт киіп алған. Көбінде ұруға арналған арматура мен темір болды. Мен әкімдік ғимаратының 2-қабатындағы терезеден жағдайды бақылап тұрдым", - дейді ол.
Айтуынша, адамдар 20 минутта жиналып қалды. Бір топ Назарбаев даңғылына қарай жүгірген, тағы бір топ қала әкімдігі ғимаратына бет алған. Алайда полицейлер оларға қарсы ештеңе істемеген.
Полицияның қолында көзді ашытатын дыбысты гранаталар болған. Ал жиналғандар ғимарат алдына қойылған темір қоршауды бұзып өткен. Бір топ адам әкімдік ғимаратына жақындаған кезде бұйрық түскен.
Алайда олар бірден қолда бар гранатаны қолданбаған. Әкімдік ішінде өрт шыққан кезде қолданылатын шлангты алып, ғимаратқа жақындағандарға су шашқан. Оған да назар аудармаған топ адам ғимаратқа қарай граната лақтыра бастаған. Салдарынан іштегі күштік құрылым қызметкерлері әкімдік артына шығуға мәжбүр болды.
Здание в Алматы, пострадавшее во время беспорядков - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2022
Қоғам
"Менің үйім емес, өртене берсін": алматылық әйел бүлік болған күнді еске алды
Ол жерде полицейлерді ұрып-соққан. Дәл алдында жарылған граната салдарынан Бекмырзаның екі құлағы естімей қалған. Біраз уақытқа есінен танып қалған. Оянған соң жиналғандар қайтадан соққыға жыға бастаған.
Бір сәтте президент резиденциясына қарай барып, сол жерден әріптестері өз көліктерімен алып кеткен. Оған қиын сәтте әріптесі Мәди Ахатов көмекке келген. Ол алған жарақатына қарамастан медициналық көмек алып, артынша әкімдікке қайта келіп, әріптестерін іздеген.
"Өзіміздің қызметкерлер жеке көлігімен күтіп алып, бізді алып кетті. Телефонымды қуаттап, қостым. Қосылған кезде әріптесім Мәди Ахатов хабарласып жатыр екен. Мені алып кетуін сұрадым. Мәди айтылған жерде күтіп алды, ол да жарақат алыпты. Басындағы жарақатын тігіп, орап тастаған екен. Мәди үйге апарды. Анам мен жұбайым жылап күтіп тұр екен, оларды көрген соң есімнен танып қалдым. Көзімді ашсам, төсекте жатырмын. Артынан 4 қалалық ауруханаға апарып, толық тексеруден өткізді", - дейді Бекмырза.
Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз
Алматыдағы тәртіпсіздіктер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: қарусыз полицейді аяусыз ұрып-соққан атыраулық ұсталды – видео
Жаңалықтар
0