https://sputnik.kz/20220224/munay-kompaniyasy-kasipodaq-23070493.html
Мұнай компаниясының қызметкерлері кәсіподақ құрғаны үшін жұмыстан қуылған
Мұнай компаниясының қызметкерлері кәсіподақ құрғаны үшін жұмыстан қуылған
Sputnik Қазақстан
Тексеріс кезінде 12 жұмысшының құқығын бұзу фактісі анықталды 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T21:26+0500
2022-02-24T21:26+0500
2022-02-24T21:26+0500
өңірлер
кәсіпорын
мұнай
https://sputnik.kz/img/772/74/7727407_0:309:4000:2559_1920x0_80_0_0_8836c055f1348f9f1df92ce1bf6efb01.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысында 12 жұмысшыны кәсіподақ құрғаны үшін жұмыстан шығарып жіберген. Бірақ сот шешімімен жұмыс беруші оларды қайтадан қызметке алуға міндеттелді.Облыстық кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Марат Байымбетовтың айтуынша, былтыр қыркүйек айында "ҚазПетролГрупп" ЖШС-інде 15 адамнан тұратын кәсіподақ құрылған. Олар жұмысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіподақтың мақсат-міндеттерін айтқан. Бірақ көп ұзамай, бастама көтерген 12 адамды "тараптардың мәмілесі", яғни еңбек келісімшартын мерзімінін бұрын бұзу нормасы негізінде жұмыстан шығарып жіберген.Артынан еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеріс жүргізуге шешім қабылдады. Сол кезде 12 жұмысшының құқығын бұзу фактісі анықталған, еңбек жағдайы жасалмаған.Жұмыс берушіге тәртіп бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым табысталды. Осыдан кейін кәсіподақ құрған жұмысшылар сотқа арыз түсіріп, бұрынғы қызметіне қайта орналастыруды талап етті."Жұмыстан шығарылған 12 адамның арыз-талабы толығымен қанағаттандырылды. Ал жұмыс берушінің әрекеті заңсыз деп танылды", - деп атап өтті Байымбетов.Жақында қалалық сот жұмысшыларды қайта қызметке алуға шешім шығарды. Сондай-ақ жұмыс беруші мәжбүрлі түрде жұмыстан қалған адамдардың жалақысын төлеп беруге міндеттелді.
https://sputnik.kz/20220208/toqaev-mangystaudagy-narazylyqtar-22609288.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/772/74/7727407_324:0:3736:2559_1920x0_80_0_0_4c2abd70d97893634684badb7603d936.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпорын, мұнай
Мұнай компаниясының қызметкерлері кәсіподақ құрғаны үшін жұмыстан қуылған
Тексеріс кезінде 12 жұмысшының құқығын бұзу фактісі анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысында 12 жұмысшыны кәсіподақ құрғаны үшін жұмыстан шығарып жіберген. Бірақ сот шешімімен жұмыс беруші оларды қайтадан қызметке алуға міндеттелді.
Облыстық кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Марат Байымбетовтың айтуынша, былтыр қыркүйек айында "ҚазПетролГрупп" ЖШС-інде 15 адамнан тұратын кәсіподақ құрылған. Олар жұмысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіподақтың мақсат-міндеттерін айтқан. Бірақ көп ұзамай, бастама көтерген 12 адамды "тараптардың мәмілесі", яғни еңбек келісімшартын мерзімінін бұрын бұзу нормасы негізінде жұмыстан шығарып жіберген.
"Осылайша жекеменшік компания жаңадан құрылған кәсіподақтан құтылды. Бірақ 12 адамның бәрі облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына ұжымдық арыз жазып, жұмыстан заңсыз шығарғанын мәлімдеді", - дейді Байымбетов.
Артынан еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеріс жүргізуге шешім қабылдады. Сол кезде 12 жұмысшының құқығын бұзу фактісі анықталған, еңбек жағдайы жасалмаған.
Жұмыс берушіге тәртіп бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым табысталды. Осыдан кейін кәсіподақ құрған жұмысшылар сотқа арыз түсіріп, бұрынғы қызметіне қайта орналастыруды талап етті.
"Жұмыстан шығарылған 12 адамның арыз-талабы толығымен қанағаттандырылды. Ал жұмыс берушінің әрекеті заңсыз деп танылды", - деп атап өтті Байымбетов.
Жақында қалалық сот жұмысшыларды қайта қызметке алуға шешім шығарды. Сондай-ақ жұмыс беруші мәжбүрлі түрде жұмыстан қалған адамдардың жалақысын төлеп беруге міндеттелді.