Саясат

Борис Джонсон НАТО-ның шұғыл жиынын шақырды

© Sputnik / Джастин Гриффитс-Уилльямс / Медиабанкке өтуБорис Джонсон
Борис Джонсон - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Отырыста Украинадағы жағдайдың ушығуы талқыланады
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон НАТО-ның шұғыл отырысын шақырды.
Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты НАТО елдерінің басшылары шұғыл саммит өткізеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бейсенбі күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол ресейліктерге берген сұхбатында бұл жағдайлар "бізден шешуші және жедел әрекетті талап етеді, Донбасс Халық республикалары көмек сұрап Ресейге жүгінді" деді.
Ресей басшысының айтуынша, қантөгіс үшін барлық жауапкершілік Украинаның билік режимінің мойнында. Ол Украина әскерін биліктің қылмыстық бұйрықтарын орындамауға, қару-жарақтарын қойып, үйлеріне қайтуға шақырды.
Берік Уали - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Қоғам
Президенттің баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбат береді
Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары жойылып, Қарулы Күштердің авиациялық базаларының инфрақұрылымы істен шығарылғанын хабарлады.
Ведомство Украина қалаларына ешқандай соққы жасалмайтынын, қарапайым тұрғындарға қауіп төнбейтінін мәлімдеген болатын.
Ресей әскери бөлімінің мәлімдемесіне сәйкес, Украинаның әскери шекара қызметтері "ешқандай қарсылық танытып жатқан жоқ".
Владимир Зеленский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді - Зеленский
Жаңалықтар
0