https://sputnik.kz/20220223/toqaev-erbolat-dosaev-23022521.html
Президент Ерболат Досаевқа тапсырма берді
Президент Ерболат Досаевқа тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Қала әкімі қазіргі уақытта тіркелген 1413 кәсіпкердің 755-і өтемақы алғанын айтты 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T12:02+0500
2022-02-23T12:02+0500
2022-02-23T12:04+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
ерболат досаев
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/01/15107292_542:0:4183:2048_1920x0_80_0_0_0d1ebe6d2f8a967e85b330781c5ee754.jpg
НҰР-СҰЛТАН 23 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда."Мемлекет басшысына Алматы қаласының дамуы мен биылғы қаңтар айындағы қысқамерзімді экономикалық индикатордың өзгергені туралы есеп берілді.Президентке қаланы қалпына келтіру жұмыстары мен зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу шаралары туралы баяндалды", - делінген ақпаратта.Ерболат Досаевтың айтуынша, президент тапсырмасын іске асыру аясында бизнеске жедел көмек көрсету үшін жеңілдетілген тәсіл бойынша төлем сомасы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған. Ал өтінімдерді қарау мерзімі екі есеге – бір айдан екі аптаға дейін қысқартылған. Қала әкімі қазіргі уақытта тіркелген 1413 кәсіпкердің 755-і өтемақы алғанын, 10 наурызға дейін шағын және орта бизнес субъектілері өтінімдерінің 90 проценті орындалатынын айтты.Ол президентке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау тиімділігін арттыру шаралары туралы айтты. Мемлекет басшысына қалалық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және мектептерде орын тапшылығын азайту мәселелері жөнінде мәлімет берді.Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы қалпына келтіру және бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жандандыруды, инженерлік желілерді жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.Сондай-ақ, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді азайту үшін баспана қорын қайта жөндеуге ерекше назар аудару керектігін атап өтті.
https://sputnik.kz/20220217/toqaev-tungysh-prezident-zan-22891530.html
https://sputnik.kz/20220205/almaty-miting-video-22554870.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/01/15107292_997:0:3728:2048_1920x0_80_0_0_12d2efd217da91be3dee9545efdbab18.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев касым-жомарт токаев ерболат досаев акорда
қасым-жомарт тоқаев касым-жомарт токаев ерболат досаев акорда
Президент Ерболат Досаевқа тапсырма берді
12:02 23.02.2022 (жаңартылды: 12:04 23.02.2022) Қала әкімі қазіргі уақытта тіркелген 1413 кәсіпкердің 755-і өтемақы алғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН 23 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысына Алматы қаласының дамуы мен биылғы қаңтар айындағы қысқамерзімді экономикалық индикатордың өзгергені туралы есеп берілді.Президентке қаланы қалпына келтіру жұмыстары мен зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу шаралары туралы баяндалды", - делінген ақпаратта.
Ерболат Досаевтың айтуынша, президент тапсырмасын іске асыру аясында бизнеске жедел көмек көрсету үшін жеңілдетілген тәсіл бойынша төлем сомасы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған. Ал өтінімдерді қарау мерзімі екі есеге – бір айдан екі аптаға дейін қысқартылған.
Қала әкімі қазіргі уақытта тіркелген 1413 кәсіпкердің 755-і өтемақы алғанын, 10 наурызға дейін шағын және орта бизнес субъектілері өтінімдерінің 90 проценті орындалатынын айтты.
Ол президентке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау тиімділігін арттыру шаралары туралы айтты. Мемлекет басшысына қалалық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және мектептерде орын тапшылығын азайту мәселелері жөнінде мәлімет берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы қалпына келтіру және бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жандандыруды, инженерлік желілерді жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді азайту үшін баспана қорын қайта жөндеуге ерекше назар аудару керектігін атап өтті.