Видео

"Досаев, кет!": Алматыда бүліктен кейінгі алғашқы митинг қалай өтті

Жазылу
Алматыда сенбі қала әкімі болып тағайындалған Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ерболат Досаевқа қарсы митинг өтті. Белсенділер қала тұрғындарына қала басшысын сайлауға рұқсат беруді талап етті.
Алматылықтар билік тағайындаған әкім тұрғындардың пікіріне құлақ аспайды деп санайды. Митингке жүздеген адам жиналды. Арасында жүк көлігінің үстіне шығып сөз сөйлегендер бар.
Митинг екі сағатқа жалғасты, ұйымдастырушылар уақытын алдын ала қала басшылығымен келіскен. Наразылықтар кезінде инттернет бұғатталмады.
В Алматы проходит митинг против назначения нового акима - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2022
Өңірлер
Алматыда жаңа әкімге қарсы митинг өтіп жатыр – видео
Жаңалықтар
0