Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Қазақстан қысқы Олимпиадаға дайындық шараларына 3,5 млрд теңге жұмсады

© Sputnik / Aleksei Filippov / Медиабанкке өтуКоньки, Олимпиада
Коньки, Олимпиада - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Air Astana әуе компаниясының чартерлік рейстерін ұйымдастыруға 107 миллион теңге кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитеті Бейжің Олимпиадасына жұмсалған қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Комитеттің бас хатшысы Андрей Крюковтың айтуынша, Олимпиада ойындарына қатысу үшін 248 миллион теңге бөлінді. Соның ішінде 107 миллион Air Astana әуе компаниясының чартерлік рейстерін ұйымдастыруға жұмсалды.
"Командаларды Олимпиада ойындарына дайындауға 789 миллион теңге кетті. Дайындық жұмыстарына 234 спортшы мен бапкер қатысты. Бір адамға кеткен шығынның орташа көлемі 15 миллион теңген", - деді Крюков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Сондай-ақ, Крюков бір жылдың ішінде әрбір спорт түріне қанша қаржы бөлінетінін айтты.
биатлон - 384 миллион теңге;
тау шаңғысы - 100 миллион теңге;
коньки спорты - 400 миллион теңге;
шаңғы жарыстары - 363 миллион теңге;
керлинг - 200 миллион теңге;
трамплиннен секіру - 198 миллион теңге;
сноуборд - 14 миллион теңге;
конькимен мәнерлеу сырғанау - 143 миллион теңге;
фристайл-могул - 562 миллион теңге;
фристайл-акробатика - 319 миллион теңге;
шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер) - 259 миллион теңге;
шорт-трек - 392 миллион теңге.
Осылайша, бюджеттен қысқы спорт ойындарына жалпы 3,5 миллиард теңге бөлінген болатын.
Айта кетері, Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасында бірде-бір медаль жеңе алмады. Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев финалға шықты. Бірақ төртінші орынға ие болды.
Абзал Әжіғалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Спорт
"Мойындауымыз керек": министрлік Әжіғалиевтің сынына жауап берді
Жаңалықтар
0