https://sputnik.kz/20220222/shetel-avtokredit-ministr-22992459.html
Шетелден әкелінетін көліктерге 4%-тік автокредит беріле ме – министр жауабы
Шетелден әкелінетін көліктерге 4%-тік автокредит беріле ме – министр жауабы
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін "ҚазАвтоПром" шетелден импортталатын көліктерді де жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша сатуды ұсынған болатын 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T12:08+0500
2022-02-22T12:08+0500
2022-02-22T12:08+0500
автокөлік
кредит
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446133_26:0:3667:2048_1920x0_80_0_0_43258620d5b83371deeb1b202b3ea87b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасы тек отандық автоөндірісті қамтитынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден "импортталатын көліктерге жеңілдетілген автокредит беріле ме?" деп сұрады.Өскенбаев мұндай мәселе тіпті қаралмайтынын меңзеді."Жоқ, әрине, бұл тіпті нонсенс. Біз сонда бөтен өндіріске, бөтен жұмыс күшіне, бөтен салық салу базасына басымдық беруіміз керек пе? Жоқ, әрине! Автокредит тек отандық автоөндіріске беріледі", - деп кесіп айтты индустрия министрі.Бұған дейін "ҚазАвтоПром" басқарма төрағасы Асқар Әміртаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына импортталатын көліктерді де қосуды ұсынған еді.Оқи отырыңыз: Қазақстанда көлігі жоқ отбасыларға жеңілдетілген автокредит берілуі мүмкін
https://sputnik.kz/20220213/4-protsenttik-avtokredit-bagdarlamasy-22748969.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446133_481:0:3212:2048_1920x0_80_0_0_6b473f70e2120d92412c5ccd1c444964.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокредит көлік
Шетелден әкелінетін көліктерге 4%-тік автокредит беріле ме – министр жауабы
Бұған дейін "ҚазАвтоПром" шетелден импортталатын көліктерді де жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша сатуды ұсынған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасы тек отандық автоөндірісті қамтитынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден "импортталатын көліктерге жеңілдетілген автокредит беріле ме?" деп сұрады.
Өскенбаев мұндай мәселе тіпті қаралмайтынын меңзеді.
"Жоқ, әрине, бұл тіпті нонсенс. Біз сонда бөтен өндіріске, бөтен жұмыс күшіне, бөтен салық салу базасына басымдық беруіміз керек пе? Жоқ, әрине! Автокредит тек отандық автоөндіріске беріледі", - деп кесіп айтты индустрия министрі.
Бұған дейін "ҚазАвтоПром" басқарма төрағасы Асқар Әміртаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына импортталатын көліктерді де қосуды ұсынған еді.