https://sputnik.kz/20220213/4-protsenttik-avtokredit-bagdarlamasy-22748969.html
4 проценттік автокредит бағдарламасы қалай өзгереді – негізгі шарттары
4 проценттік автокредит бағдарламасы қалай өзгереді – негізгі шарттары
Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі үкімет қарап жатқан автокредит бағдарламасының негізгі шарттарын және оны іске қосу мерзімін зерделеп шықты 13.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-13T12:51+0500
2022-02-13T12:51+0500
2022-02-13T12:57+0500
экономика
автокөлік
кредит
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446176_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_ec945b3c49a26ba6d4eb7622a4a20dab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Үкімет жеңілдетілген автокредит бағдарламасының жаңа нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде мамандар екі ұсынысты қарастырып жатыр. Соның біреуі ғана қабылдануы мүмкін. Бәлкім, аралас формат та болады. №1 ұсынысИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде талқыланып жатқан автокредиттің бірінші нұсқасына сәйкес, бұған дейінгі бағдарлама қала береді. Бірақ оған бөлінетін қаржының көлемі екі есеге көп болады.2015 жылы басталған 4 проценттік автокредит бағдарламасын қаржыландырудың жалпы лимиті 82 миллиард теңге болса, осы жолы 150 миллиард теңге бөлінуі мүмкін. Ал негізгі талаптары көп өзгермейді. Бұрынғы бағдарламаның шарттары: Ресми мәліметке сәйкес, бұған дейінгі бағдарламамен бес жылдың ішінде 30 мыңнан астам жеңілдетілген автокредит рәсімделді. Қазір 15 мың адам құжат тапсырып, 4 проценттік автокредитін күтіп жүр. Демек, жаңа бағдарламаны осы нұқсада іске асырып, екі есе артық қаржы бөлінсе, кезекте тұрған адамдардың бәрін жеңілдетілген автокредитпен қамтамасыз етуге болады. №2 ұсынысЖаңа бағдарламаның екінші нұсқасы бойынша жеңілдетілген автокредитті халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана беру қарастырылған. Басты ерекшелігі - кредит алғашқы жарнасыз берілуі мүмкін. Ал заң бойынша әлеуметтік осал топтарға бірнеше санат кіреді. Олар: Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, бағдарламаның дәл осы нұсқасына "ӨКМ (РОП) операторы" компаниясында жинақталған қаражаттан, шамамен, 100 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр. Ал Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға кіретін азаматтардың саны аз емес. Шамамен, жалпы халықтың төрттен бір бөлігін құрайды. Сөз жоқ, олардың бәрін жеңілдетілген автокредитпен қамтамасыз етуге 100 миллиард теңге жетпейді. Сондықтан министрліктің бұған дейін айтқан "Бірінші отбасылық автомобиль" шарты қолданылуы мүмкін. Бұл дегеніміз, алғашқы жарнасыз жеңілдетілген автокредит көлігі болмаған отбасыларға ғана беріледі. Осы орайда үкімет басшысының тағы бір сөзі еске түседі. Әлихан Смайылов 100 миллиард теңге "эконом-класс" санатындағы отандық көліктерді сатып алуға жіберіледі деген. Соған қарағанда жаңа бағдарлама бойынша қымбат көліктерді рәсімдеуге мүмкіндік болмайды. Автокредит мөлшері екі есеге қысқаруы ықтимал Күні кеше индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан жеңілдетілген автокредит бағдарламасына қатысты тағы бір шартты жариялады.Оның сөзіне қарағанда, бағдарламаның екі нұсқасы да әлі пысықталып жатыр. Екеуінің біреуін ғана қабылдау қажет деген міндет жоқ. Басқа да өзгерістер болуы мүмкін."Бағдарлама индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған түрде қабылданбауы да мүмкін. Сондықтан нақты шешімдер туралы айтуға әлі ерте", - деп атап көрсетті Омархан. Министрліктің жоспары сәйкес, 2022 жылы барлық құжат рәсімделіп, нормативтік актілерге өзгеріс енгізіледі. Осыдан кейін жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов болса, жаңа бағдарламаны қабылдау үшін "бірнеше ай қажет" деген еді. Демек, жазға қарай жеңілдетілген автокредит бағдарламасының жаңа нұсқасы қолға алынуы әбден мүмкін.
https://sputnik.kz/20220209/qanday-zhagdayda-kredit-keshiriledi-22645866.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446176_112:0:2841:2047_1920x0_80_0_0_7cf67989b05b002ea144b2771e2183e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
4 процент автокредит бағдарламасы шарттары условия көлік кредит
4 процент автокредит бағдарламасы шарттары условия көлік кредит
4 проценттік автокредит бағдарламасы қалай өзгереді – негізгі шарттары
12:51 13.02.2022 (жаңартылды: 12:57 13.02.2022) Sputnik Қазақстан тілшісі үкімет қарап жатқан автокредит бағдарламасының негізгі шарттарын және оны іске қосу мерзімін зерделеп шықты
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Үкімет жеңілдетілген автокредит бағдарламасының жаңа нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде мамандар екі ұсынысты қарастырып жатыр. Соның біреуі ғана қабылдануы мүмкін. Бәлкім, аралас формат та болады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде талқыланып жатқан автокредиттің бірінші нұсқасына сәйкес, бұған дейінгі бағдарлама қала береді. Бірақ оған бөлінетін қаржының көлемі екі есеге көп болады.
2015 жылы басталған 4 проценттік автокредит бағдарламасын қаржыландырудың жалпы лимиті 82 миллиард теңге болса, осы жолы 150 миллиард теңге бөлінуі мүмкін. Ал негізгі талаптары көп өзгермейді.
Бұрынғы бағдарламаның шарттары:
автокөліктің шекті құны - 15 миллион теңге;
қарыз алушы үшін номиналдық сыйақы мөлшерлемесі – 4 процент;
алғашқы жарнаның көлемі – 10 процент;
кредитке рәсімделеген көлік Қазақстанда құрастырылуы шарт.
Ресми мәліметке сәйкес, бұған дейінгі бағдарламамен бес жылдың ішінде 30 мыңнан астам жеңілдетілген автокредит рәсімделді. Қазір 15 мың адам құжат тапсырып, 4 проценттік автокредитін күтіп жүр. Демек, жаңа бағдарламаны осы нұқсада іске асырып, екі есе артық қаржы бөлінсе, кезекте тұрған адамдардың бәрін жеңілдетілген автокредитпен қамтамасыз етуге болады.
Жаңа бағдарламаның екінші нұсқасы бойынша жеңілдетілген автокредитті халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана беру қарастырылған. Басты ерекшелігі - кредит алғашқы жарнасыз берілуі мүмкін. Ал заң бойынша әлеуметтік осал топтарға бірнеше санат кіреді. Олар:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар;
басқа мемлекеттерде жауынгерлік қызмет атқарғандар;
мүгедек балалар тәрбилеп отырған отбасылар;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндетті атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, бағдарламаның дәл осы нұсқасына "ӨКМ (РОП) операторы" компаниясында жинақталған қаражаттан, шамамен, 100 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр.
Ал Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға кіретін азаматтардың саны аз емес. Шамамен, жалпы халықтың төрттен бір бөлігін құрайды. Сөз жоқ, олардың бәрін жеңілдетілген автокредитпен қамтамасыз етуге 100 миллиард теңге жетпейді.
Сондықтан министрліктің бұған дейін айтқан "Бірінші отбасылық автомобиль" шарты қолданылуы мүмкін. Бұл дегеніміз, алғашқы жарнасыз жеңілдетілген автокредит көлігі болмаған отбасыларға ғана беріледі.
Осы орайда үкімет басшысының тағы бір сөзі еске түседі. Әлихан Смайылов 100 миллиард теңге "эконом-класс" санатындағы отандық көліктерді сатып алуға жіберіледі деген. Соған қарағанда жаңа бағдарлама бойынша қымбат көліктерді рәсімдеуге мүмкіндік болмайды.
Автокредит мөлшері екі есеге қысқаруы ықтимал
Күні кеше индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан жеңілдетілген автокредит бағдарламасына қатысты тағы бір шартты жариялады.
"Бір адамға берілетін несие шегін 7 миллион теңге қылу бастамасы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныс қабылдана ма, жоқ па, ол жағы экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады", - деді Омархан.
Оның сөзіне қарағанда, бағдарламаның екі нұсқасы да әлі пысықталып жатыр. Екеуінің біреуін ғана қабылдау қажет деген міндет жоқ. Басқа да өзгерістер болуы мүмкін.
"Бағдарлама индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған түрде қабылданбауы да мүмкін. Сондықтан нақты шешімдер туралы айтуға әлі ерте", - деп атап көрсетті Омархан.
Министрліктің жоспары сәйкес, 2022 жылы барлық құжат рәсімделіп, нормативтік актілерге өзгеріс енгізіледі. Осыдан кейін жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылады.
Премьер-министр Әлихан Смайылов болса, жаңа бағдарламаны қабылдау үшін "бірнеше ай қажет" деген еді. Демек, жазға қарай жеңілдетілген автокредит бағдарламасының жаңа нұсқасы қолға алынуы әбден мүмкін.