https://sputnik.kz/20220222/qazaqstan-dkhr-men-lkhr-tauelsizdigin-moyynday-ma-22985198.html
Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ға қатысты ұстанымы қандай
Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ға қатысты ұстанымы қандай
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр, деді сыртқы істер министрі 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T10:01+0500
2022-02-22T10:01+0500
2022-02-22T10:14+0500
саясат
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0c/16772511_0:279:3143:2047_1920x0_80_0_0_4f825cf2d365e082fafa93678c9936e4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елдің Донецк және Луганск халық республикаларына қатысты позициясы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Журналистер "Қазақстан екі республиканың тәуелсіздігін мойындай ма?" деп сұрады."Ондай мәселе тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздері мен БҰҰ ұстанымдарын ұстанамыз", - деді министр."Бейтараптықты сақтайсыздар ғой?" деп нақтылады БАҚ өкілдері."Әрине", - деді Тілеуберді.Тілеуберді таяу сағаттарда Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетінін мәлімдеді. Жиында Қазақстанның ресми позициясы белгілі болады.Айта кетері, Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын мойындады.
https://sputnik.kz/20220222/putin-dkhr-zhane-lkhr-tauelsizdigin-moyyndady--video-22978627.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0c/16772511_207:0:2936:2047_1920x0_80_0_0_bd01e3f87ce37175228b80b9bfa8adc4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ға қатысты ұстанымы қандай
10:01 22.02.2022 (жаңартылды: 10:14 22.02.2022) Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр, деді сыртқы істер министрі
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елдің Донецк және Луганск халық республикаларына қатысты позициясы қандай екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өздеріңіз білесіздер, қазір жағдай шиеленісіп бара жатыр. Кеше Ресей президенті Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындау туралы шешім қабылдады. Сондықтан қазіргі жағдай өте күрделі. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр", - деп жауап берді Тілеуберді үкімет кулуарында.
Журналистер "Қазақстан екі республиканың тәуелсіздігін мойындай ма?" деп сұрады.
"Ондай мәселе тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздері мен БҰҰ ұстанымдарын ұстанамыз", - деді министр.
"Бейтараптықты сақтайсыздар ғой?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.
"Әрине", - деді Тілеуберді.
Тілеуберді таяу сағаттарда Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетінін мәлімдеді. Жиында Қазақстанның ресми позициясы белгілі болады.
Айта кетері, Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын мойындады.