Видео

Путин ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындады – видео

Жазылу
Путин Украинаны мемлекет ретінде Ленин құрғанын, бірақ ол жерде оның ескерткіштері бұзылғанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин өз елінің азаматтарына өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы үндеу жолдады.
Ол Украинаның қалай құрылғанын және оған байырғы Ресей территорияларының қалай өткенін айтты.
"Қазіргі Украинаны тұтастай және толығымен большевиктер, коммунистік Ресей құрды", - деді Путин өз үндеуінде.
Оның айтуынша, бұл процесс 1917 жылғы революциядан кейін бірден басталған және Ресейден тарихи территорияның бір бөлігін күшпен алу есебінен жүргізілген.
Владимир Путин Украинада тұрақты мемлекеттілік қалыптаспағанын, 2014 жылы ұлтшылдар билікті конституцияға қайшы жолмен басып алғанын, олар коммунистік идеологиядан толығымен бас тартуға бет алғанын мәлімдеді.
Ресей Украинаға коммунистік идеологиядан бас тартудың нақты не екенін көрсетуге дайын, деді Путин.
Ол Украинада билікті басып алған радикалдар террор ұйымдастырғанын, соның ішінде Одессадағы төңкеріс кезінде конституцияға қайшы әрекеттерге қарсы шыққан адамдарды аяусыз өлтіргенін атап өтті.
Ресей президенті Одессадағы кәсіподақтар үйі ғимаратында адамдарды өртеп жібергендердің жазаланбағанын, қазір тіпті оларды ешкім іздемейтінін айтты. Бірақ ол Ресей қылмыскерлердің аты-жөнін білетінін және оларды жазалау үшін барын салатынын мәлімдеді.
Владимир Путин Донбаста болып жатқан оқиғаларды геноцид деп атады.
"Донбаста 4 миллионға жуық адам геноцидке ұшырап жатыр. Бұл қасірет қашанға дейін жалғасуы мүмкін. Бұған қанша уақыт шыдауға болады?", - деп сауал тастады ол.
Сонымен қатар ол Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындайтынын мәлімдеді. Путин тікелей эфирде тиісті қаулыларға қол қойды. Сонымен қатар республикалармен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдерге қол қойылды.
Жаңалықтар
0